Екі қолға бір күрек

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Сауран ауданындық пробация қызметі мен аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек күні» мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Аталған іс-шараға Сауран аудандық пробация қызметі есебіндегі он беске жуық сотталған тұлғалар қатыстырылып, жұмысқа орналасуға ниет білдірген сотталғандар жұмыс берушілерден кеңес алып, ұсынылған бос жұыс орындары және мамандықтар бойынша өздеріне қажетті мәліметтер алды.
Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.
Тұрақты жұмыс орнына нақты жұмысқа орналасқаны — 89. Жастар практикасымен орналасқаны-67. Қоғамдық жұмыстарға қамтылғандар – 45. Жалпы жұмыссыздық деңгейі-5% төмендеген. Шараға қатысқан пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жұмыс берушілер бірнеше тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, сайт арқылы өтініш қалдыратын болады. Жалпы, жұмыспен қамту орталығымен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде біршама сотталған азаматтар жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, өздерінің шағын бизнесін ашуды жоспарлап жүргендер де мамандардан кеңес алып, бизнес ашудың жолымен танысты. Алдағы уақытта жұмысқа орналысып отбасыларына материалдық көмек көрсете алады. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі, өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар. Қылмысқа бой алдырған адамдардың басым бөлігі, жұмыссыздықтың салдарынан барады. Жұмыссыз үйде отырған адам ақша табу үшін ұрлыққа, тонауға баратыны айдан анық. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін сотталған азаматтарды жұмысқа орналастырып, оларды өзіміз бақылап отырамыз, – деді Сауран аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Абылай Тлеулиев.
Әрине, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар «екі қолға бір күрек» деп жұмыс берушілердің ұсынған жұмыстарына орналасуға ниет білдіріп отыр.

Әрине, қателікке ұрынып істі болған адам өз бетімен жұмысқа орналасуы да қиынға соғары анық. Мемлекет тарапынан есепке алынғандарды шеттетпей қоғамға етене араласып кетуіне мүмкіндік бергенінен алғысым шексіз, — деді сотталған азамат.

Сот кабинеті – құқыққа қолжетімдіктің заманауи тетігі

Қазіргі цифрлық даму кезеңінде мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді әрі...

Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды — Мәди Такиев

Үкімет 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын толық...

Все социальные обязательства Правительства в 2025 году исполнены — Мади Такиев

Правительство в полном объеме обеспечило выполнение социальных обязательств по...