Діни алаяқтық

Рухани даму тәрбие процесінің маңызды бөлігі болып табылады, оның құндылығы бас бостандығынан айыру орындарында ерекше байқалады, өйткені мекеменің тәрбие бөлімдерінің қызметкерлері сотталғандар арасында заңға бағыну мінез-құлық нормаларын қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар мораль, этика және сенім сияқты маңызды мәселелерді түсінуге көмектееді. Осы мақсатта ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінің арнайы контингенті арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің теологиялық оңалту жұмысы тобының инспекторларымен тұрақты түрде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандарына дәріс өткізу мақсатында  кездесулер болып тұрады.             

Бүгін, 2023 жылдың 9 тамызында «Діндерді зерттеу орталығының» өкілдері, психолог А.Ж. Садықова, теолог Лес Ж., имам теолог Касимов Б. мекеменің шаруашылыққызмет көрсету жасағының сотталғандарына «Дінмен жасырынған алаяқтық» тақырыбында дәріс өткізді.            

Діни алаяқтар –  діннің атын жамылып  адамдарды алдап, адастыру арқылы бөтеннің мүлкін иемденетін қылмыскерлер. Бұл адамның сеніміне кіріп бөтеннің мүлікін заңсыз имемденеді. Діни алаяқтық әрқашан күрделі және мұқият жоспарланған қылмыс болып табылады.            

Теріс ағымға  тәуелді болған адамдар  өзінің ата-анасынан, балаларынан, қоғамдағы өз орнынан бас тартады.  Өз өмірін, денсаулығын, сана сезімін осы теріс ағым үшін құрбан етуге дайын болады.            

«Бүгінгі таңда мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады, бұл теологиялық оңалту  тобы қызметкерлерінің дәстүрлі емес діни ағымдардың  алдын алу бойынша  шынайы қамқорлығын көрсетеді. Бұл тақырып мекеменің шаруашылық жасағындағы сотталғандарының жүрегінде тебіреніш тудырды, өйткені біз дінге қатысты барлық нәрсеге сөзсіз сенеміз және күмәнданбаймыз. Мұндай шаралар жасағымыздың қыз-жігіттерінін діни сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді»  – деп түсіндірді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Ж.Айтмұқашұлы.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...