12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ДЕПУТАТТАР ҮКІМЕТ КЕМШІЛІГІН ТОЛЫҚТЫРУҒА МӘЖБҮР

Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі деген екен ғұламалар. Еліміздің низамдарын осы талапқа сай деп айту қиын. Оның түрлі объективті және субъективті себебі бар. Десе де, заң шығару ісін жетілдіру тұрғысында оң қадамдардың барын жоққа шығара алмаймыз. Бұл, әрине, елімізде жүргізілген конституциялық реформаның нәтижесі екені даусыз. Алты саяси партия кірген Мәжілістің соңғы сайлауында Парламентке халық қалаулыларының жаңа толқыны келді. Мәжіліс құрамы ұзақ жылдан бері алғаш рет бірмандатты округтен сайланған, белгілі деңгейде бәсекеде озып шыққан депутаттармен толықты. Сонымен қатар, әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың және жастардың қатары көбейді. Бұл өз кезегінде заң шығару ісінің мазмұнына да, сапасына да өз ықпалын тигізді.

100 күнге созылған Парламент Мәжілісінің алғашқы сессиясында халыққа қажет бірқатар заң қабылданғанын айтуға тиіспіз. Соның бірі Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң кемшіліктеріне қарамастан әлеуметтік әділдік іздеген жұртшылық талабына жауап деуге болады. Бұл құжатта заңсыз алынған активтерді қайтарудың жаңа құқықтық тетіктері жасалды. Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа халықаралық үрдістер ескерілді. Онда айқындалған талаптар бойынша ешкім де заңсыз әрекеті үшін жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды. Сондай-ақ, қоғамда және сарапшылар арасында талқыланған Сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша депутаттар арнайы заң әзірледі. Заңда біршама деңгейде газды зауыттан тұтынушыға дейін жеткізудің ашық жүйесі жасалды. Сонымен қатар, арнайы заң бойынша қоғамдағы өзекті мәселенің бірі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудағы кемшіліктер жойылды. Енді, басқару нысанын тұрғындардың өзі таңдай алады: КСК-ны қалдыра ма, ОСИ-ді таңдай ма – өздері шешеді. Депутаттар онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері жөніндегі заңға да бастамашылық етті. Онда үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қоғамдастығының, әлеуметтік желіні пайдаланушылардың пікірі барынша ескерілген. Осы сессияда кәсіптік біліктілік туралы заңмен жұмыс аяқталды. Заң Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық элементтерін реттейді. Мәселен, кәсіптік біліктілікті дәлелдеу арқылы түрлі қызметпен айналысуға мүмкіндік береді. Қоғамда үлкен мәселеге айналған электр самокаттардың жүрісін реттеу жөніндегі депутаттар қабылдаған заң жаяу жүргіншілердің де, самокат жүргізушілерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағын зерттеу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілді жайттың бірі еді. Бүгінде бұл мәселе заңнамалық деңгейде шешімін тапты. Заң нормалары полигонның аумағын қауіпсіз күйге келтіріп, халықты радиациядан қорғауға жол ашады. Бұрынғыға қарағанда заң шығару ісі қоғам үшін ашық алаңға айналды деуге болады. Осы сессияда мәселен Парламенттің қос палатасы жалпы отырыстарды «Хабар 24» телеарнасында тікелей эфирде көрсетуге көшті. Сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелер депутаттық сауалдар арқылы да көтеріліп келеді. Оның әрқайсысында елдегі түйткілді жайттар қозғалды. Әр өңірдің, әр адамның, әр отбасының тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды мәселелер көтерілді. Десе де, заң шығару ісінде кемшіліктер жоқ емес. Олар әрине, қабылданған низамдардың сапасына тікелей де, жанамалай да әсер етеді. Солардың бірқатарын сессия жұмысы қорытындыланған сәтте Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың өзі айтқан еді. Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыдағы олқылықтарға көп жағдайда Үкімет себеп болып жатады. Мәселен, атқарушы билік тарапынан заңға бастамашы болу жұмысы тиісті деңгейде атқарылмай отыр. Яғни, үкімет қоғамда шұғыл шешімін күтіп отырған түйткілді мәселелерге дер кезінде көңіл аударып, қажетті заң жобаларын Мәжіліске уақытылы ұсынбай келеді. Сондықтан депутаттар осы өткір мәселелерді шешуді жедел түрде өз қолына алып, тиісті заң жобаларына бастамашы болуға мәжбүр. Екіншіден, депутаттардың түзетулері мен толықтыруларына Үкімет қорытындысын қарау мерзімі тым ұзақ. Белгіленген тәртіп көп жағдайда сақталмайды. Соның салдарынан кейбір заң жобалары дер кезінде қабылданбай жатыр. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар депутаттардың бастамаларын қараған кезде ведомстволық мүддемен шектелмеуге тиіс. Үшіншіден, жалпы отырыстарға, жұмыс топтарына келетін мемлекеттік орган басшыларының дайындығы төмен. Жауаптарының сапасы сын көтермейді. Бұл депутаттық сауалдарға берілетін жауаптарға да қатысты. Иә, заң шығарушылық қызметтің сапасы билік бұтақтарының білікті де үйлесімді іс-қимылын қажет етеді. Өкінішке қарай, қазіргі Парламенттің құрамын соншалықты кәсіби деңгейде деп айта алмаймыз. Олардың арасында салалық мамандар аз. Мәселен, депутаттық корпус құрамында эколог жоқ. Ал қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік мәселесі өте өзекті болып тұр. Басқа сала мамандары мың жерден ел мүддесіне жаны ашыса да, қоршаған ортаның өзекті мәселесін танып, оны шешудің тиімді жолын ұсына алмасы анық.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ «Заң газеті»

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.