Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және Бәйтерек ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен, Бәйтерек ауданы прокуратурасы және Аудандық пробация қызметінің қолдауымен Бәйтерек ауданы бойынша «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

Мақсаты — жұмыссыз, пробация есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналасуына ықпал жасау, жұмыссыздар санын азайту.

Жәрмеңкеде аудан бойынша 42 бос жұмыс орны ұсынылып, 20 аса жұмыссыздарды қамтыған болатын. Жәрмеңкеге келген аудан тұрғындары назарына мемлекеттік бағдарламалар, қысқа мерзімді оқытулар, кәсіп ашу, грант алу бағыттары бойынша консультациялық қызмет ұсынылды.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...