БАС МҮФТИ АҚТӨБЕДЕГІ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ БОЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына сапары барысында қаладағы №8 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті.

Бас мүфтимен кездесуге діни экстремизм және терроризм бабы бойынша сотты болған жазасын өтеушілер қатысты. ҚМДБ Төрағасы түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге ұлттық құндылықтарға құрмет көрсету, Құран аяттарын дұрыс түсіну, бір мәзһаб ұстанудың маңызы, сондай-ақ ертеңгі күнге үмітпен қарау жайлы насихат айтты.

«Хәкім Абайдың «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген сөзі бар. Халқымыз «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейді. Қателесу, адасу – адамның табиғатына тән құбылыс. Алайда қателігін түсінген, ісінен сабақ алған адам ешқашан үмітсіздікке салынбау керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Басқосу соңында түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар Бас мүфтиге көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауап алды.

Айта кетейік, Діни басқарманың негізгі жұмыс бағытының бірі – деструктивті діни ағым арбауында кеткен азаматтарды жат ағым идеологиясынан оңалту.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...