Балалар колониясында Ұстаздар мерекесі аталып өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемеде ұстаздар күні аталып өтті. Балалар колониясындағы жалпы орта білім беретін мектепте 11 мұғалім қызмет атқарады.
«Аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған балалар жазасын өтейін №11 мекемеде қазіргі уақытта 25 оқушы оқып жатыр. Оларға ұзақ жылдар қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі ұстаздар сабақ береді. Биыл сотталған оқушылар бірінші рет ҰБТ тапсырды. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп халық даналығында айтылғандай, жазалы балалардың барлығы да өздерінің жарқын болашақтарына сенеді»-дейді мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Людмила Васильевна Алмазова.
Сонымен қатар №11 мекемесінің аумағында кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істейді. Онда сотталған балалар «Құрылыс ағаш ұстасы», «Механикалық-құрастыру жұмыстарының слесары», «Металл «жонушы мамандықтарын алып шығады. Бұл мектепте 12 мұғалім балаларға кәсіп үйретуде.
Ұстаздарға арналған салтанатты мерекеде жазалы балаларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...