Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкері — Қазақстан чемпионатының жүлдегері!

28-31 шілде аралығында Алматы қаласында дзюдодан спорт шеберлері арасында өткен ҚР Чемпионатында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Азамат Бақтыбаев жүлделі І орынды қанжығасына байлап қайтты.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ қызметкері Азамат Бақтыбаев 19 облыстан келген 350-ден астам спортшы қатысқан Алматы қаласында Дзюдо күресінен сынға түсті.

– Қызмет бабымен Хромтау ауданына ауысып келгендіктен, осындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жаттықтырушысы Әлібек Зингенге жолығып, дзюдодан шұғылданғым келетіндігімді айтқанмын. Жаттықтырушы бірден келісті. Жаттығу барысында жаттықтырушым Алматы қаласында дзюдодан өтетін Қазақстан чемпионатына баруға ұсыныс тастады. Мен бірден келістім,- дейді ҚР чемпионы атанған ҚАЖ қызметкері Азамат Бақтыбаев.

Бұл жеңіс Азаматтың ел бойынша өткен чемпионаттан алған бірінші жеңісі емес. Ол бұған дейін де 2 мәрте құқық қорғау қызметкерлері арасында өткен Самбо күресінен республикалық турнирде жүлделі І орындарды иеленіп келген болатын. Ал жалпы спортпен 9 жасынан бері шұғылданатын Азаматтың спортқа деген құлшынысы да, сыйластығы да бөлек.

  • Алайда, әр жеңістің айрықша орны бар болғандықтан, мұндай жеңістерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені әр чемпионаттағы жүлделі орындардың салмағы бөлек болады. Сондықтан осы атаулы жеңіске жеткенімді естігенде,өте қуанышты сезімде болдым.
    Енді алдымда үлкен сынақ күтіп тұр. Әлем чемпионатынан үлкен жеңіспен оралуға барымды салып, дайындалатын боламын, – деді ҚАЖ қызметкері Азамат Бақтыбаев.

24-26 қазан күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өтетін дзюдо турнирінен Әлем чемпионатына жолдама алған Азамат Бақтыбаевты енді үлкен тартысты сайыс күтіп тұр.
Әріптесіміздің жүлделі оралуына сәттілік тілейміз!

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы,
Фотоларды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі ұсынды

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...