Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкері Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен Дзюдо чемпионатынан жүлделі оралды

27 қазан – 7 қараша күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында Әлем чемпионатынан Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Азамат Бақтыбаев +100 салмақ дәрежесінде ІІІ орынды жеңіп қайтты.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ қызметкері Азамат Бақтыбаев 20 елден келген 1200-ге жуық спортшы қатысқан Әбу-Даби қаласында Дзюдо күресінен сынға түсті.

Әрине, Әлем чемпионатына әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысқандықтан, олардың арасында өз еліңнің намысын қорғап, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алу маған оңайға тиген жоқ. Сондықтан осы атаулы жеңіске жеткенімді естігенде қатты қуандым. Сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнымен тоқтап қалмай, әлі де биікті бағындыру үшін жұмыс жасайтын боламын, – дейді Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкері Азамат Бақтыбаев.

Бұл жеңіс Азаматтың Әлем чемпионатынан алған бірінші жеңісі емес. Ол бұған дейін, яғни 2023 жылдың қыркүйек айының 8-10 күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Самбодан шеберлер арасында өткен Әлем чемпионатынан да ІІІ орынды жеңіп алған болатын. Одан бөлек, Азамат Бақтыбаев құқық қорғау қызметкерлері арасында өткен Самбо күресінен республикалық турнирлерде 2 мәрте жүлделі І орындарды иеленіп келген.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...