Ақтөбе облысында есептегі сотталғандар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына үлес қосты

Ақтөбе облысы бойынша Мәртөк аудандық пробация қызметінің ықпалымен, есепте тұрған сотталғандар “Мектепке жол” акциясы кезінде 4 аз қамтылған отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарын алып берді.

Санаулы күндерден соң, еліміздегі жаңа оқу жылы басталады. Осыған байланысты Ақтөбе облысы бойынша Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына үлес қосып, әлеуметтік аз қамтылған 4 отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құрал- жабдықтарын тарту етті.

Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.

«Балалардың жүзіндегі күлкі мен көңілдеріндегі қуаныш қайырымдылық акциясына қатысқан пробация есебінде тұрған сотталғандарға да жақсы мотивация сыйлап, көңіл- күйлерін көтерді. Жалпы мұндай қайырымдылық іс-шараларына есепте тұрған сотталғандарды қатыстыру – оларды тәрбиелеп, ізгі жолға түсулеріне көп көмегін тигізеді»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Республика күніне орай волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Республика күніне орай...

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде Республика...

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...