Ақтөбеде қоныс колониясындағы сотталғандар мамыр мерекелері қарсаңында бірқатар шараларға қатысты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 қауіпсіздігі барынша төмен екемесінде 7-мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай, мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандардың назарына Ақтөбе қаласындағы «Нокин» мәдениет үйі өнерпаздарынің «Егеменді ел тілегім!» концерттік қойылымы ұсынылды.

Сонымен қатар, мекемедегі жазасын өтеуші әйелдерге мекеме әкімшілігінің қадағалауымен «Керуен» орталығынан бейнефильм тамашалауға рұқсат етілді. Ал мекемедегі жазасын өтеуші ер азаматтар арасында спорттық шаралар ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға мекеме бастығы атынан марапаттар берілді.

«Ұйымдастырылған іс-шаралардың мақсаты — қауіпсіздігі барынша төмен мекемедегі жазасын өтеушілерге мерекені сезіндіре отырып, тәрбиелеу болып табылады»,- дейді мекеменің Тәрбие бөлімі бастығы әділет капитаны Арман Панабек.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...