Ақтөбеде қоныс колониясынан бостандыққа шыққан сотталған азаматтармен «Қақпа алдында кездесті»

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 мекемесінде жазасын өтеп, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылып, бостандыққа шыққан сотталған азаматтар үшін «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы қатысып, сотталғандармен кездескен Ақтөбе қаласының мансап орталығы филиалының маманы Дарига Қасымова, мемлекеттік қолдаулар және әлеуметтік көмек түрлерін түсіндірді.

Іс-шарада шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған сотталғандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, қайтарымсыз гранттар, жастарға шағын несие беру және басқа да мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, жұмысқа орналасуға және кәсіптік оқуларға жолдамалар алу үшін тұрғылықты жеріндегі Мансап орталығы филиалына жолығуға болатындығы түсіндірілді.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін атап өткен Ақтөбе қаласының мансап орталығының маманы сондай- ақ, «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді жеңілдетілген кәсіби оқулар туралы, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, табысы төмен отбасыларға берілетін бір реттік және ай сайынғы берілетін ақшалай әлеуметтік көмек түрлерімен де толық таныстырып, сотталғандарды жеке кабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...