Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлеріне ойынқұмарлықтың салдары айтылды

Ойынқұмарлық — аса қауіпті психологиялық дерт. Құмар ойындардан келетін қауіптің үлкендігі соншалық, бұл ауруға бой алдырудың соңы — адамды жақындарынан алыстатып, өмір маңыздылықтарынан ажыратады. Тәуелді адамның жағдайы ең алдымен отбасына әсер етеді. Салдарынан отбасы мүшелері қаражат жағынан, психо-эмоционалдық жағынан зардап шегеді, көп отбасы ажырасып кетіп жатады.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамымен, сондай- ақ Департаментке қарасты №8, №9, №70 мекеме қызметкерлеріне «Ойынқұмарлық- заман дерті» тақырыбында семинар-дәрістер өткізілді.

Семинар барысында жеке құрамға ойынқұмарлықтың себептері, белгілері және оның салдары бойынша толық ақпараттар беріліп, құмар ойындарға тәуелдіктің алдын-алу мақсатында дәріс оқылды. Қосымша слайд, бейнероликтер көрсетіліп, ойынқұмарлықтың салдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...