Ақтөбеде тергеу изоляторының қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемеден өсімдік тектес зат тәркіледі

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген азаматтың сәлемдемесін тексеру барысында қара- сары түсті душқа арналған мочалканың ішінен шүберекке мұқият жасырылған қою жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тектес затты тәркіледі.

Тыйым салынған заттарды 31 жасар Т. У. есімді Ақтөбе облысының тұрғыны абақтыда «Есірткі тасымалдау» бабы бойынша сотталған інісіне жеткізбек болған.

«Орын алған факті бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, материал мекеменің арнайы есепке алу кітабына тіркелді. Сонымен қатар, процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының ІІБ Астана ауданы бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жөнелтілді»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова,
Фото және видео: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...