Асы жайлауында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Форум шөбі шүйгін, суы мол Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы жайлауында ұйымдастырылды.

Шара барысында өңіріміздің шаруалары, кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерінен көрме қойды. Мұнда түйенің кептірілген сүтінен бастап, малдың жем-шөбі, минералды, органикалық тыңайтқыштарға дейін бар.

Көрмені тамашалаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көпшілік алдында сөз алып, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолға алынған шаралар жайлы айтты. Ең алдымен ол жұртшылықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл халқының табысын арттыру мақсатында облыс бойынша 8,3 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатты тиімді пайдалану үшін әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуымыз қажет. Ендігі жылы бұл бағдарламаға 14 млрд теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Облыс бойынша төрт түлік малдың 65%-ы 133 жайлауда жайылады. Жайылымдар туралы заңға сәйкес, 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары бойынша әр аудан әкімдігі жұмыс жасап жатыр», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ форумда аграрлық салада бірнеше жыл еңбек еткен бірқатар маманға «Құрметті азамат» атағы және «Алғыс хаттар» табыс етілді.

Жайлауда ұлттық ойын түрлерінен жарыс та ұйымдастырылды.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...