12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АРАЛАС МЕКТЕПТІҢ КӨБЕЮІ АЛАҢДАТАДЫ

Бүгінде республика бойынша 506 мектеп жаңартылып, оның 107-сіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген. Сондай-ақ 185 мектепте жиһаз ауыстырылып, 201 кітапхана мен 119 асхана жаңартылды. 261 мектепке турникет, бейнебақылау жүйесі орнатылып, қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Сонымен қатар, мектептерде робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша кемінде 1000 заманауи кабинет іске қосылмақ. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 90 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.

Астанада өткен республикалық тамыз мәслихатында белгілі болғандай, «жайлы мектеп» реформасы одан әрі жалғасын таппақ. Сессияның негізгі баяндамашысы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келесі жылы 130 мың оқушыға арналған 154 мектеп салу жоспарланып отырғанын айтты. Президент тапсырмасымен Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында Оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр екен. Жаңа оқу жылында балалардың мектепке әзірлігі де мемлекет назарынан тыс қалған жоқ. Жалпыға бірдей білім беру қорынан жыл сайын аз қамтылған 460 мыңнан астам отбасының балалары киім-кешек, оқу құралымен қамтамасыз етілуде. Биыл да халықтың әлеуметтік осал топқа жататын 400 мыңнан астам бала материалдық көмек иеленді. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, әр оқушының киім, оқу құралын сатып алуға бөлінген қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге. Ақша ата-аналардың шотына аударылады. Сондай-ақ, 1-4 сынып оқушылары түгелдей тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілмек. Тамыз мәслихатында сөз алған Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, мұғалімдікті тартымды мамандық ету, оған ұрпақ тәрбиелеу ісінің маңызын, жауапкершілігін жан-жүрегімен ұғатын жандарды тарту бағытында ауқымды жұмыс жүруде. Соның бірі ретінде бүгінде мұғалімдерді марапаттау тетігін өзгерту мәселесі пысықталып жатыр. Осыған орай «Біз мұғалімнің бұрынғы Ұстаз бейнесін қайта жаңғыртуға міндеттіміз. Осы мақсатта министрлік білім беру саласында 30 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар ұстаздарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады» деді ол. Сонымен қатар жаңа оқу жылында барлық санаттағы мұғалімдердің жалақысы көтерілмек. Кейбір жоғары санаттағы мұғалімдердің жалақысы тіпті 3 есеге дейін өссе, санаты жоқ мұғалімдер жалақысы 25 пайызға артады. Тамара Босымбекқызының айтуынша, Президенттік кадрлық резерв үлгісі бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы қолға алынған. Онда тез өзгеретін ортаны басқаруға дайын көшбасшылар мен мамандарды таңдау және оқыту шаралары қамтылған. Жоба пилоттық режимде іске қосылып, қазірдің өзінде 275 адам іріктелуде. Бұл шара аясында білім беру ұйымдарының қазіргі мықты әрі тәжірибелі басшылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш және алты айлық тағылымдамадан өтуге жіберілмек. Тоқетерін айтқанда, білім беру ісінде оң өзгеріс аз емес. Алайда, бір мәселенің басы ашық болып тұр. Ол мемлекеттік тілге қатысты. Елімізде 7 мыңға жуық мектептің жартысынан сәл ғана асатыны қазақ тілінде оқытса, 1 мыңнан астамы орыс тілінде, 5-уі ұйғыр тілінде білім береді екен. Ал, 2 мыңнан астамы аралас мектеп. Орыс мектебі мен аралас мектептегі орыс сыныптарының қатары биыл тіпті көбейген. Өйткені, жаңа оқу жылында Астанадағы бүлдіршіндердің 40 пайызы орыс тілінде оқуды таңдапты. Орыс тілінде білім алуға ұмтылу себебін көпшілік қазақ тілінің болшағына деген сенімсіздікпен байланыстырады. Республикалық маңызды құзырлы орындардың көбінің Елордада екенін ескерсек, мұндай жағдайдың орын алуы көңілге қаяу салмай қоймайды. Ұлттың жарқын болашағы ұлт тілінде білім алудан басталатынын барша қазақстандықтар есінен шығармауы керек. Білім күніндегі бір тілек – осы.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.