«Арай-Sunrise» демалушылары қызықты кездесуге қатысты

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жазғы уақытта құқықтық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында «Арай-Sunrise» лагерінде демалып жатқан жасөспірімдермен кездесу-акция өткізді.
Кездесу барысында балалармен олардың негізгі құқықтары мен міндеттері талқыланды, жазғы уақыттағы қауіпсіздік талаптары, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды есірткі заттарын пайдалануға тарту мен жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталатын фактілер бойынша мысалдар келтірілді. Есірткіні сатып алу көздерін анықтай отырып, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынушылардың неғұрлым жиі шоғырланған орындары бойынша рейдтер, есірткінің жасырын орындарын анықтау («закладка»), есірткімен масаң күйдегі, өзімен бірге есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтаушы адамдар, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарды таратумен айналысатын адамдар туралы айтылды.
Арнайы жедел әрекет ету отряд жауынгерлері (СОБР) өз өнерлерін, кинологтар есірткі табумен айналысатын қызметтік иттердің жұмысын көрсетті.
Акция барысында балалар дайындалған бағдарлама, есірткіге қарсы плакаттарын көрсетіп, есірткі және психотроптық заттардың зияны туралы пікірлерін білдірді.
Кездесу балалар және есірткімен күресушілердің диалогымен аяқталды, онда барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптар беріліп, балаларға сыйлықтар табысталды.

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылардың қатарына...

Казахстан вошел в число лидеров промышленного роста в ЕАЭС по итогам 2025 года

Казахстан стал одной из стран-лидеров Евразийского экономического союза по...

Потребность внутреннего рынка в минеральных удобрениях составляет порядка 2,3 млн тонн в год

Поводом для депутатского запроса послужило производство минеральных удобрений для...

Казахстан формирует единые стандарты применения искусственного интеллекта в школах

✔️Основная цель Указа – обеспечение устойчивого развития Республики Казахстан...