Антқа адалдық- жауапкершіліктен басталады

Қызылорда облысы ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде жаны нәзік болса да, рухы мықты, қоғамның тыныштығын қамтамасыз етуде зор еңбек етіп жүрген арулардың бірі Менбаева Назерке Орақбайқызы.

Әділет аға сержанты 23-маусым Қазақстан полициясы күніне орай, 7 жылдық еңбек өтілінде өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғарғы нәтежие көрсеткені үшін ҚР ІІМ-нің полиция генерал полковнигі М.Ахметжановтың атынан мақтау қағазымен марапатталды.

Бұл құрметке оны арман мақсаттары жетеледі. Оқуын ойдағыдай аяқтаған Назерке еңбек жолын 2017 жылы бұрынғы ЗК-169/1 мекемесінің РжКБ-нің бақылаушысы болып бастады.

Алғаш жұмысқа келгенде әріптестері талдырмаш, көп сөйлемейтін тұйық қыздың тегеурінді тергеу изоляторының қатал жұмысына кірігіп кетуіне сенімсіздікпен қарады. Бірақ антына адал Назерке өз жұмысына зор қызығушылықпен, жауапкершілікпен қарады.

Оның бойында жастайынан теміржолшы ата-анасының қызметтік формасын киіп жүргенін көріп, болашақта ерекше қызметтік киім үлгісін киіп жүретін мамандық иесі болсам деген арманы болатын. Міне, сол арманын жүзеге асыру мақсатында, терең білім алып,мақсат қойып, талаптанды. Әрине, қызбала болғандықтан, қылмыскерлермен жұмыс жасау азда болса үрей туғызатыны анық. Бірақ, мен бұл салаға өз қалауыммен келгендіктен тек антыма адалдық танытып, өзімнің қызметтік міндеттерімді мүлтіксіз орындауымды ғана ойладым.

Оның үстіне тәлімгерім сол уақыттағы Режим бөлімінің бастығы полковник Қараман Аганин болды. Тәлімді тәлімгерден біраз нәрсе үйрендім. Жұмысыма деген жауапкершілікті байқағандықтан, мекеме басшылығы мені Арнайы есепке алу бөліміне есеп технигі етіп ауыстырды.

Басты міндетім: мекеме қамауында отырған айыпталушылар мен күдіктілер, тергеудегілердің жеке істерін жүргізу жұмыстарымен,құжаттары бойынша жұмыс атқару болып табылады.

Сондай-ақ, сотталғандардың сот үкімі шыққан сәттен бастап бар жеке дерегі осында сақталады.

Егер қайта сотқа шақыртылған болса немесе сот үкіміне өзгертулер енсе, рақымшылық жасалса, заң негіздеріне сүйене отырып, барлық құжатты топтастырамын. Яғни, мұнда әр азаматтың тағдырының үкімі кесілген. Сондықтан да, қамаудағылардың құжаттарын толтыруға аса жауапкершілікпен қараймын – дейді, әділет аға сержанты.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...