Антикор Қызылорда облысы әкімдігінің басқарма басшысын жауапқа тартты

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігінің Ветеринария басқармасының басшысын жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Мониторинг барысында басқарма басшысының Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 680-бабында (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданбауы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталды.

Атап айтқанда, ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, қызметке қабылданғанға дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды қызметке тағайындады.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен әкімдік басқармасының басшысы 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...