«Антикор-орталығында» брифинг өтті

Онда Департамент басшысының м.у.а. Асылхан Ашиков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кәсіпкерлікті қолдау мақсатында енгізілген «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы айтты. Департамент «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, аталған жоба негізінде жергілікті кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау және бизнестің дамуына қалыптасқан негізсіз кедергілерді болдырмау бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырып, жүргізіп келеді.

Апта сайын «Атамекен» палатасы алаңында кіші және орта бизнес өкілдерін жеке қабылдау жүргізілуде. Жалпы, жобаны іске асыру басталғалы 540-тан астам кәсіпкерді қамтыған 41 кездесу өткізілді. Бизнеспен кері байланыс орнату, бизнес өкілдерінің өтініштерін жедел шешу мақсатында кәсіпкерлер жиі баратын, яғни қала мен барлық аудандардағы органдар ғимараттарында «ақпараттық QR-код» орнатылды. Кәсіпкерлер қандай да бір әкімшілік кедергілермен бетпе-бет келген жағдайда аталған QR-код арқылы автоматты түрде «WhatsApp» мессенджерге өтіп Департаменттің жауапты қызметкерімен байланысып, шағымдарын онлайн-режимде жіберу мүмкіндігі бар.

– Кәсіпкерлермен жиі көтерілетін мәселелері ретінде, мемлекеттік сатып алу рәсімдері, жер учаскелерін пайдалану мерзімін ұзарту, жергілікті атқарушы органдардан тиісті келісімдер алу барысындағы кедергілер, атқарылған жұмыстары үшін тиесілі қаражатын уақтылы ала алмау және т.б. атап өтуге болады. Бұл мәселелерді заңды түрде шешу жолында бірқатар оң нәтижелер бар.

Бүгінгі күні «Бизнеске жол» жобасы аясында 700-ге жуық кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалып, жұмысының дамуына ықпал жасалды, – деді Асылхан Амангелдіұлы. Брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берілді.

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...