Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №12 мекемеде ойын сессиясын өткізді.
Шахмат ойындарынан бір уақытта ойнау сеансы халықаралық гроссмейстер Петр Костенко қатысуымен ұйымдастырылды.
Ойын бірден жиырма тақтада ойнытылды.Шахмат ойыны өте қызықты өтті, жалпы 1-2-17 есебімен аяқталды (бір женіс екі тең және он жеті ұтылған партия).
Алматы облысының №12 мекеме басшылығы Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенкоға мерекелік ойынды ұйымдастыру барысында үлкен көмек пен қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреді.


