Апостиль қою тәртібі және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының рөлі

Апостиль – бір мемлекет аумағында берілген ресми құжаттың басқа мемлекетте заңды күшке ие болуын растайтын арнайы белгі.
Апостиль 1961 жылғы 5 қазанда қабылданған Гаага конвенциясына сәйкес қолданылады. Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияға
қосылған, сондықтан елімізде апостиль қойылған құжаттар Конвенцияға мүше мемлекеттердің аумағында қосымша заңдастырусыз танылады.

Апостиль құжаттың мазмұнын растамайды, тек құжаттағы қолдың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған тұлғаның өкілеттігін және
мөр мен таңбаның заңдылығын куәландырады. Ол азаматтардың шетелде білім алуына, еңбек етуіне, неке қиюына және өзге де
құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Апостиль келесі құжаттарға қойылады: азаматтық хал актілері туу, неке, ажырасу туралы куәліктер, білім туралы құжаттар диплом, аттестат, сот актілері мен анықтамалар, нотариаттық куәландырылған құжаттар, мемлекеттік органдар берген ресми құжаттар.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – Қазақстан Республикасында жария-құқықтық дауларды қарайтын сот органы. Бұл сот азаматтар мен мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар арасындағы дауларды шешуге мамандандырылған.

Апостиль қоюға байланысты мәселелерде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының рөлі ерекше. Егер азамат мемлекеттік
органның апостиль қоюдан бас тартуын немесе заңсыз әрекетін негізсіз деп есептесе, ол аталған сотқа талап арызбен
жүгінуге құқылы. Сот мұндай істерде мемлекеттік органның шешімінің заңдылығын тексеріп, азаматтың бұзылған құқықтарын
қорғауды қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келе, апостиль – халықаралық құжат айналымындағы маңызды құқықтық құрал. Ал мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік соты апостиль қою барысында туындайтын дауларды шешу арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауда маңызды орын алады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының аға сот приставы Д.Құрманғазықызы

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...

Жолдардағы қауіпсіздік – жауапты ұйымдардың міндеті

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті...

Цифровая грамотность — необходимое условие эффективной работы частного судебного...

Цифрлық сауаттылық – жеке сот орындаушысының тиімді қызметінің қажетті шарты

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азаматтың жеке сот...