Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ қоймасын тапты

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері Жетісу облысының ПД ЭҚІҚБ және ҰҚКД бірлесіп қару-жарақ сақталған орын тапты.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекеме қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша «Қару» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қару-жарақ орналасқан жерді анықтады.

Бөлшектелген күйдегі «BERETTA» маркалы аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, «Калашников» автоматына арналған ішінде патрондары бар дүкен және қара түсті дене құрышы Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Лепсы кентінің жол айрығының жанындағы арықтан табылды.

«Бұл факт Жетісу облысы ПД Сарқан қалалық полиция бөлімінде тіркелген. ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баллистикалық сараптама тағайындалды», — деп атап өтті мекеме бастығы Ұлан Арғынбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін №14 мекеме ҚАЖ қызметкерлері төрт қару орнын анықтаған болатын.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...