Алматы облысының мекемелеріндегі сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті

2023 жылдың 15 ақпанында Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №12 мекемесінде, Алматы облысының мекемелеріндегі
сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес мекелердегі қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасының прокуроры аға әділет кеңесшісі Ерлан Имековтың төрағалығымен өткізілді.

Мекемедегі медициналық қамтамасыз ету функцияларының ҚР Денсаулық сақтау жүйесіне өткізілуі және сотталғандарға медициналық көмекті сапалы және уақытылы ұйымдастыру шаралары бойынша мәселелер қарастырылды.

Мәселелерді талқылауға мамандандырылған прокуратураның әділет кеңесшісі Гамаль Тазабеков, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Габибов, ҚАЖД қарасты мекеме басшылары, Әскери прокуратурасының прокуроры Берік Кайбулдаев, №3660 Ұлттық ұлан командирі Жангелді Әбдіқадыров, ҚАЖД санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобының санитарлық дәрігері Арайлым Жабикбаева және Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

От сырьевой экономики к собственному производству: как за семь лет изменилась промышленность Казахстана

Инвестиционная активность является одним из ключевых факторов экономического развития...

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...