Алматы облысының колонияларында жұмысқа орналасуды арттыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің сотталғандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бөлімімен Қарасай ауданының кәсіпкерлер палатасының базасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге ҚАЖД сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жетекші маманы Сандуғаш Ереулиева, Алматы облысы мамандандырылған прокуратурасы прокурорының орынбасары Гамаль Тазабеков, «Еңбек-Жауғашты» РМК филиалының директоры Әділет Баймадиев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы, Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

«Еңбек-Жауғашты» РМК мен Алматы облысының мекемелерінде жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің тапсырыстарының көлемін ұлғайту, сондай-ақ сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұлғайту мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда, Алматы облысының мекемелерінде 40-тан астам жеке кәсіпкерлік және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс істейді.

«Біз жұмыс орындарын ұлғайту үшін кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасап жатырмыз. Бүгін мекемелердің өнеркәсіптік аймақтарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың сатылымының өсуін арттыру мәселелері талқыланды. Жақын арада оларды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданатын болады», — деп атап өтті прокурор орынбасары Гамаль Тазабеков.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....