Алматыда полицейлердің балалары шахматтан өзара бақ сынасты

Құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арасында өткен ірі көлемді республикалық шахмат ойынын бүгін олардың балалары жалғастырды.

Полиция қызметкерлеріне арнайы ұйымдастырылған шахматтан балалар турнирі Алматыда алғаш рет өткізіліп отыр. Онда ішкі істер органдары қызметкерлерінің 20-ға жуық баласы қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы ІІМ Алматы академиясы Ішкі істер министрлігінің, Шахмат Федерациясы және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдардың қолдау көрсетуімен өткізген.

«Бұл шараны өткізе отырып, біз шахматтың адам өміріндегі маңызды рөлін, адамның жас мөлшеріне қарамай, қаншалықты қажет екенін көрсеткіміз келді, әсіресе, балаға жақсы қасиеттерді, ақыл-ой, парасатты жастайынан сіңдіре білгеніміз дұрыс. Ең бастысы – балалар осындай ойын, жарыстардың көмегімен қоғамдық өмірге белсене араласып, бұл арқылы өмірдегі басқа да жеңістерге қол жеткізуге итермелейді. Қатысушылардың көбі шахматтан хабары бар жеткіншектер болып шықты, бірақ шахматты ойнай білмейтін кішкентай балалар да болды, оларға біз ойынның қыр-сырларын ашып түсіндіріп бердік. Зерек балалар бірден ойынға кірісіп те кетті. Барлық балалардың еңбектері еленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды», — деп атап өтті ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Жаннат Дильбарханова.

Аталмыш турнир ағымдағы жылдың 12 мен 15 маусым аралығында Ішкі істер Министрлігінің кубогына құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арасында өткен 1-республикалық шахмат турнирінің жалғасы ретінде өткізілді.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...

Мемлекеттік тіл — сот төрелігінің маңызды құралы

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Қазақстан Республикасы Конституциясына...

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі – әділ сот талқылауының негізгі...