Алматыда жаңа 3 мың «Сергек» камерасы қашан қосылады?

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Алматыда жаңа «Сергек» камералары қашан қосылатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін қалада қосымша үш мың жаңа камера қосылатыны белгілі болған.

«Қазіргі уақытта қосымша 2 944 «Сергек» камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосу 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған», — деп жауап берді Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына.

Қазіргі уақытта Алматыда 2021 жылға арналған «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» жобасын іске асыру аясында әкімдік орнатқан 5 034 «Сергек» камерасы жұмыс істеп тұр.

Камералар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында орнатылған.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...