«АЙФОН» АТЫРАУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Газеттің тірегі – оқырман. «Қағаз басылымдардың керегі не?» деген кереғар көзқарас қалыптасқан бүгінгідей заманда біздің газеттеріміздің үздіксіз шығып келе жатқаны – мәртебелі оқырманның арқасы. Сондықтан да газет таралымының кемімей, оқылымды болуына үлес қосқан әрбір жазылушыға алғысымыз шексіз. Әрі осы ризашылығымызды білдірудің бір белгісі ретінде жақында оқырмандар арасында ұтыс ұйымдастырған едік. Оған «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымына, «Заң» және «Фемида» журналына алты айға жазылған жандардың бәрі қатысуға мүмкіндік алды.

Ұтыс туралы, оған тігілген сыйлықтар жайлы, қатысу шарттару туралы мәліметтерді көзіқарақты оқырман көріп, бақылап отырды. Біздің тұрақты оқырмандарымыз да, жаңа жазылушылар да ұтысқа белсене қатысты. 17 шілде күні кешкі 20.00-де zanmedia_kz инстаграм парақшасында, zanmedia.kz фб парақшасында өткен ұтыс көпшіліктің көз алдында, тікелей желіде ұйымдастырылды. Кездейсоқ санды таңдау арқылы жүргізілген ұтыста бағы жанып, бағалы сыйлыққа ие болғандар тізімі төмендегідей: Үтік Тефаль – О.Дүйсенов, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы; Фен Рабента – Б.Сауран, Түркістан облысы; Бұрғы – Н.Өтеулиева, Ақтау қаласы; Редми Ноут 11 про смартфоны – Г.Айткулова, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы; Шаңсорғыш «Бош» – Р.Шамшиев, Қызылорда облысы; Перфоратор – А.Рахимбаева, Шығыс Қазақстан облысы; Электрлі еттартқыш – Б.Күзембаев, Жетісу облысы Жаркент қаласы; Эйпл сағаты – Л.Ахатова, Астана; Қысқатолқынды пеш – Г.Инешева, Ақтау қаласы; Редми Ноут 11 про смартфоны – А.Алиманова, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы; Эйрподс құлаққап – Г.Тілепова, Ақтөбе қаласы; Айфон 14 про макс – Ж.Хабаров, Атырау облысы. Сонымен бірге, «Заң» медиакорпорациясы» дайындаған «Шытырман» детектив шығармалар жинағы 10 адамға беріледі. Бұл жинаққа 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан детектив байқауы жүлдегерлерінің шығармалары топтастырылған. Біздің жинаққа ие болғандар: А.Досмағамбетова, Атырау; Д.Альменов, Қарағанды, Шахтинск; Ж.Қиярова, Атырау; Ұ.Қабылбек, Алматы; Б.Кушкинбай, Ақтау; М.Татимова, Алматы; Ғ.Сақауов, Батыс Қазақстан облысы; Б.Бөшенов, Алматы; М.Шойбекова, Алматы; А.Рысқалиев, Солтүстік Қазақстан облысы. Ұтыс иелерін құттықтаймыз! Сонымен бірге сыйлықты Алматы қаласы, Досмұхамедов көшесі 68 «б» мекен-жайында орналасқан «Заң» медиа-корпорациясынан» алып кетуге болады. Байланыс телефонымыз: 87012768989. Арамыздағы байланыс үзілмесін, ардақты оқырман!

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...