12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Айдар САЙТБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, полиция генерал-майоры: «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ КАДРЛАР ҚАЖЕТ»

– Айдар Мүтәлікұлы, өзіңіз басқаратын оқу орнының ерекшелігі неде?

– Жалпы, оқу орнының басшысы ретіндегі менің негізгі миссиям – академияны жоғары кәсіби кадрлар дайындайтын жетекші орталыққа айналдыру. Жаңа Қазақстанға жаңа форматтағы жоғары білікті полиция кадрлары қажет. Осыған байланысты, бүгінгі таңда физикалық және интеллектуалдық жағынан дамыған, ашық, коммуникативті, соның ішінде сыни жағдайдан шығудың жолын таба алатын және кез келген мәселеде қажетті шешім қабылдай алатын бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындау бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Соның ішінде спорттық дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, спорт физикалық қасиетті дамытумен қатар, адамның интеллектуалдық қабілетін қалыптастырады. Осыған дәлел ретінде шахмат ойынын айтар едім. Бұл ойын ерекше – интеллект пен стратегиялық ойлауды дамытуға арналған спорттың түрі. Шахмат, сонымен қатар полицейлер үшін зейінді шоғырландыру, өз стратегиясын талдау және әзірлеу, байсалдылықты жоғалтпау, әртүрлі қиын жағдайда тез және дұрыс шешім қабылдау, ақылға қонымды тәуекелге бару немесе тәуекелден бас тарту сияқты маңызды қасиеттерді дамытуға көмектеседі.

– Шахмат ойыны академияда жақсы дамығанын білеміз.

– Биыл академияда шахмат спортын насихаттау үшін бірқатар іс-шара өткіздік. Мәселен, алғаш рет академияда шахматтан алғашқы турнир өткіздік. Оған Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты. Турнир аясында полиция қызметкерлерінің балалары да сынға түсті. Ең кішкентай ойыншылар үшін оқыту тренингтері ұйымдастырылса, ал ересек балалар қызметкерлермен тең дәрежеде шахматтағы өз дағдыларын көрсетті. Мұндай жарыстар жастардың зияткерлік деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Ерекше атап өтерлігі, осы сайыста жүлделі орындарға ие болған үш жеңімпаз конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша біздің Академияға оқуға түсті. – Интеллектуалдық ойыннан бөлек, қандай спорт түрлеріне ерекше мән бересіздер? – Әрине, біз ұлттық спортты дамытуға ден қойып отырмыз. Мәселен, биыл Отан қорғаушылар күніне орай құқық қорғау органдарының әскери және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Қауымдастық Барысы» турнирін өткіздік. Аталған шара қарсаңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және М.Есболатов атындағы Алматы академиясының 65 жылдығына орайластырып «Академия Барысы» турнирі ұйымдастырылды. Бұл да – ұлттық спортты дамытудағы маңызды қадамның бірі. Қазақстан әлемге боксшыларымен танымал. Біздің академияда көптеген танымал боксшылар жұмыс істеді, сабақ берді. Солардың бірі Мұхит Дәуленбаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері болса, Марат Мәзімбаев – кәсіпқой боксшы, IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Осындай спортшыларды мақтанышпен айту керек. Ерекше атап өтерлігі, Академияда олимпиадалық стандарттағы бокс рингі бар. Мұнда халықаралық, республикалық және өңірлік жарыстар өткізіледі. Мәселен, өткен жылы біз оны Алматы қаласы күніне арналған кадеттер мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Алматы қаласының чемпионатын өткізу үшін ұсындық. Бұл жоғары дәрежедегі көрсеткіш деп айтуға болады. Қолданбалы спорт түрлерінен басқа, біз командалық жұмыс пен ойлауды, стратегия дағдыларын, үйлестіру мен ептілікті, коммуникативті және командалық рухты дамытатын спорт түрлерін қолдауға және дамытуға тырысып жатырмыз. Мәселен, керлинг деген олимпиадалық спорт түрі бар. Оны «мұздағы шахмат» деп те атайды, өйткені керлинг физикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дағдыларын дамытады, соның ішінде: назар аудару, үйлестіру, реакция жылдамдығы, ерекше ойлау, стратегия құру және жедел шешім қабылдау қабілеттерін дамытады. Керлингтің басты артықшылығының бірі – командалық спорт, онда тиімді қарым-қатынас және командада жұмыс істеу дағдысы дамиды. Сонымен қатар, керлинг жарақат алу қаупі аз, ең қауіпсіз спорт түрлерінің бірі болып табылады. Міне, осындай спорттың түрінен академияда өз командамыз құрылды және бұл бірегей команда. Өйткені ол Қазақстан Республикасының Әскери, арнайы және құқық қорғау органдары арасындағы керлинг бойынша жалғыз команда болып табылады. Сондай-ақ соңғы уақытта академияда петанк сияқты спорт түрі қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түрін Дүниежүзілік Олимпиада комитеті мойындайды және бүкіл әлемде кең таралған спорттың түрі. Петанкты жеке немесе командада ойнауға болады, ол стратегиялық ойлау мен интеллектіні, төзімділік пен үйлестіруді, командалық және коммуникациялық дағдыларды дамытады. Академияда барлық халықаралық стандарттар бойынша жасалған және Қазақстан Петанк федерациясымен сертификатталған петанк ойнауға арналған алаң бар. Биыл «Динамо» ФСО ҚБ-мен бірлесіп, петанктан алғашқы турнир өткіздік. Жарысқа журналистер мен полиция қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Турнирдің негізгі мақсаты спорт шеберлігін арттыру және полиция қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасында достық пен сенімді қарым-қатынас орнату болды. Сонымен қатар, академияда жастардың полиция қызметкерлеріне деген сенімін нығайту, оларды салауатты өмір салтына баулу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, «Полициядағы бір күн» деген әлеуметтік жобамыз бар. Бұл жастар арасында түрлі құқық бұзушылықтар жасау қаупін азайтуға, соның ішінде спортқа және жұмыспен қамтудың оң түрлеріне баулу арқылы экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Осы жобаларға қатысу арқылы жастар кейінгі өмірде пайдалы болатын құнды білім мен дағдыларды алады. Мысалы, қиын жағдайлардан аман қалу, аймаққа бағдарлау, алғашқы медициналық көмек көрсету, есту қабілеті нашар адамдардың яғни, мүмкіндігі шектеулі жандардың жест тілін түсіну сияқты құндылықтарға баулуға үйретеді.

– Спорттың сіздің өміріңіздегі орны қандай?

– Спортта жолым болған адаммын. Себебі мені атақты жаттықтырушы Александр Афанасьевич Гендриксон баулыды. Сондағы бар арманым қоңыр белбеуге жету еді. Жас кезімде футболға деген қызығушылығым да басым еді. Қазақ КСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Леонид Константинович Остроушконың жетекшілігімен «Восток» футбол клубы үшін жартылай қорғаушы болып жаттығып, жарыста өнер көрсеттім. Одан бөлек, грек-рим күресімен де айналыстым. Осы спорт түріндегі тәлімгерім, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Мырзахметұлы Өтегенов болды. Кейін ІІМ Академиясына оқуға түстім, онда бізге самбо және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін үйретті. Академияны бітіргеннен кейін жедел және тергеу жұмыстары бойынша қызмет атқардым. Осы кезеңде мылтық атуға қатты қызығушылық таныттым және осы спорт түрінен жарыстарға белсенді қатыстым. Спорттағы жетістіктерім үшін тәлімгерлерім мен жаттықтырушыларыма ризамын. Олардың бәрі есімі бас әріппен жазылатын, сүйікті ісіне жанын салатын кәсіпқойлар. Солардың арқасында өмір бойы спортпен айналысып келемін.

– Академия түлектерінің спортқа қызығушылығы қалай?

– Академия қызметкерлерін спортқа тарту үшін бізде оқитын барлық тыңдаушылардың бойына спорттық хоббилерді сіңіруге тырысамыз. Бұл кез келген адамның қызығушылығын оятады. Сонымен қатар, тауға шығу және «Денсаулық баспалдақтарымен» көтерілу жақсы дәстүрге айналды. Мәселен, бастапқы даярлықтан өтетін, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға келген тыңдаушыларымыздың әрбірі Медеу шатқалындағы «Денсаулық баспалдағының» 842 сатысын бағындырады. Мен үшін ІІО қызметкерлері арасында спортты дамытудың үлгісі Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов болып табылады. Ол кісінің спорттағы жеткен жетістіктері ұшантеңіз. Дзюдодан спорт шебері және таэквондодан қара белбеу иегері. Марат Мұратұлы «Динамо» ДШСҚ ҚБ төрағасы бола отырып, ІІО қызметкерлері арасында спортты дамыту бойынша орасан зор жұмыс жүргізуде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Асқар Омарқұлов мырзаға «Динамо» ДШСҚ ҚБ-ға қолдау мен ынтымақтастық үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Біздің барлық спорттық іс-шараларымыз «Динамоның» қолдауымен өтеді. Бұл ұйым ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлкен үлес қосады. Жыл сайын біз ұжымымызбен спорттық тимбилдингтер өткіземіз. Осындай тимбилдингтерімізге басқа бөлімше ұжымдарын шақырамыз. Мәселен, осы жылдың сәуір айында академияның оқу-далалық лагерінде Алматы қаласы полиция департаменті мен Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымымен бірлесіп тимбилдинг өткіздік. Командалар асық ату, арқан тарту, армрестлинг, үстел теннисі сияқты басқа да спорттық ойындардан бақ сынады. Бұл ұжымды біріктіреді әрі бірлескен мақсатқа жетуге ынталандырады, өмірге деген құлшынысты, спортқа деген қызығушылықты, жақсы көңіл-күйді арттырады. Осындай құндылықтарды бағалай білетін адамдарға бақ қонатыны белгілі. Жалпы, спорт адамдарды біріктіреді, оларды бір-бірімен таныстырады, жағымды эмоция сыйлайды. Сондықтан мен спортты өмірімнің маңызды бөлігіне айналдыруға, сондай-ақ жаттығуларға достарды, әріптестер мен жақындарымды шақыруға тырысамын. Ең бастысы, Алматы академиясы барлық спорт қауымдастықтарымен ынтымақтастыққа әрқашан ашық. Біз қызықты және перспективті жобаларды қолдауға, сондай-ақ қазақстандық спортты танымал етуге және оны дамыту үшін өз алаңдарымызды ұсынуға дайынбыз!

– Әңгімеңізге рақмет!

А.САТЫБАЛДЫ, «Заң газеті»

Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жолаушы тасымалдайтын қанша ұшақтың мерзімі 20 жылдан көп екенін айтты.

Елімізде қыста мопедпен жүруге болады ма?

Қазақстан нарығында мопедтерге арналған арнайы қысқы шиналар жоқ. Бұл мопедтердің негізінен ыстық елдерде жиі қолданылуымен байланысты, сол себепті мұндай өнімге қажеттілік жоқ.

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу жоспарланып жатыр ма? 

Бұл сұраққа қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді.

Тағы бір елде TikTok бұғатталады

Албанияда келер жылдан бастап TikTok қолданылмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына...

Алматыдағы атыстың мән-жайы айтылды

Алматыда Наурызбай ауданында 20 желтоқсанда болған атыстың мән-жайы айтылды.