АЗАМАТТАР ӨТІНІШІН ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Конституция күні қарсаңында ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесті.

Шара барысында Төраға конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтып берді. Ал төрағаның орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа жылдан бері жаңартылған форматта жұмыс істеп жатқан Конституция­лық Соттың қызметінен хабардар етті. Төраға Конституциялық Сот ғимаратын таныстыру үшін экскурсия өткізіп, шағын және үлкен мәжіліс залы, кітапхана, баспасөз орталығын көрсетті. Сондай-ақ, шара барысында Конституциялық Соттың азаматтардың өтініштерін қабылдау орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық өтініштерді қабылдау және бастапқы қарау, өтініштерді рәсімдеу, КС-ге өтініш беру тәртібі туралы ақпарат беру бойынша қызмет көрсетеді. Орталықта күту залы, өтінішті қабылдау кеңсесі, өзіне өзі қызмет көрсету аймағы, сот отырыстары туралы ақпараты бар стенд ілінген. Бас редакторлар клубының мүшелері жаңартылған КС мұражайының ашылуына да куә болды. Төраға мен «Қазақ газеттерінің» бас директоры Дихан Қамзабекұлы және Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай мұражайдың ашылу лентасын салтанатты түрде қиды.

А.ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...