Автокөлік бөлшегін ұрлап, бір миллионға жуық шығын келтірген жас жігіт анықталды

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, гараждың сыртында тұрған миллион теңгеге жуық құны бар «Газель» автокөлігінің қозғалтқыш бөлшегін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Куәлардан сұрастырылып, үй айналасы тыңғылықты тексерілді. Нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол түлкібастық жұмыссыз, жас жігіт болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікке ілінген жігіт кешкі уақытта көлік жөндейтін орынның маңынан өтіп бара жатып, гаражға бас сұққан. Ол гараж сыртында қараусыз тұрған автокөлік қозғалтқыш бөлшегін өзінің көлігіне тиеп, оқиға болған жерден ізін суытқан.
Сақшылар қолды болған автокөліктің қозғалтқыш бөлшегін айғақты зат ретінде тәркілеп, алды.
Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...