Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасы қанша алады?

Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден және әр балаға 2 миллион теңгеден бөлінеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 маусымда, премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою және одан зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде жедел кеңес өткізді. Кеңес төтенше жағдай кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Әлихан Смайылов 10 күн ішінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті қорытынды жасауды тапсырды. Премьер-министр ТЖ себептерін анықтау және салдарын жою үшін арнайы Үкіметтік комиссия құрылғанын, оның құрамына салалық министрліктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері кіргенін атап өтті.

«Оған қоса Мемлекет басшысының Абай облысындағы жедел штаб отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 миллион теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден төленетін болады», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылған. Сонымен қатар, 40-тан аса қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың мәліметінше, 11 маусымда кешке жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетіп, өрт негізгі ошақтан оңтүстік бағытта таралған. Атап айтқанда, Талица ауылына қарай қалың түтін жүріп, орманның төменгі жағы өртенген. Елді мекенді қорғау үшін өрт сөндіру техникасы жедел іске қосылып, нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды.

Түнде өртті сөндіру жұмыстары үш бағытта жүрді: оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс. Осының арқасында негізгі ошақ іс жүзінде қоршауға алынды. 12 маусымда таңғы сағат 06:00-ден бастап өрт сөндіру жұмыстары қайта басталды. Қазіргі уақытта 1 530 адам, 320 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі ахуал және қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады.

Қорытындылай келе, премьер-министр өрт ошақтарын ерте анықтау, бейнебақылау және мониторинг жүйелерін енгізе отырып, табиғатты қорғау және орман мекемелерін нормативтік материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру қажеттігін атап өтті.

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...