15 мамыр «Халықаралық отбасы күніне» орай, «Отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген қызметкер» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің «№ 21 мекемесі» РММ бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушы әділет аға лейтенанты Нұрбек Азилханович Ақыбаевтың көп балалы отбасы.

Кез келген адам сияқты полиция қызметкері үшін де өнегелі отбасы болу маңызды. Формадағы ер адам үшін ең бастысы — сенімді адамының болуы, отбасындағы жылулық пен түсіністік қарым-қатынас. Ақыбаевтардың отбасылық өмірлерінің берік сыры – ең алдымен, кез келген қиын жағдайда бір-біріне қамқор болу, өзара сыйластық, құрмет көрсету, балаға барлық қажетті адами қасиеттерді бере білу, мейірімділік пен ыстық сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеуде. Бұл қағидалар отбасының өмірлік басты ұстанымы. Отау құрғандарына 11 жылдан асқан Нұрбек пен Аймара Ақыбаевтардың отбасы бүгінде тамаша 5 бала тәрбиелеп отыр. Нұрбек – 1991 жылы 19 тамызда Семей облысының қасиетті Абай ауданында ішкі істер қызметкерлерінің отбасында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар,бойында адалдық пен кәсібилік қасиеті мол қызметкер. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі РгК Шығыс әскери бөлімінде келісім шарт бойынша 3 жыл маман-шебер қызметін атқарған.
«Ата көрген — оқ жонар, ана көрген- тоң пішер»,- дегендей әкесінің жолын қуған Нұрбек ішкі істер органдарындағы қызметін 2018 жылдың маусым айында бақылаушы лауазымынан бастап, осы уақытқа дейін осы лауазымын абыроймен атқарып келеді. Бүгінгі күнде 10 жылға жуық еңбек өтілі бар. Отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген Нұрбек өзінің лауазымдық міндеттерін де үлкен жауапкершілікпен орындайды. Тәжірибелік қызметінде барлық жинақтаған тәжрибесін жас қызметкерлерге тәлімгер ретінде қолдана біледі. Заңдылықты сақтайды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң орындайды.
Мекеменің жеке құрамы арасында тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыруда белсенді қатысушы, мекеменің БАҚ жоспарын орындау мақсатында мекеме қызмеркерлерімен бірге ҚАЖ ардагерлеріне, жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді. Сонымен қатар ішкі істер органдарының имиджін жоғарлату бойынша ұйымдастырылатын әр-түрлі қайырылымдық ақцияларына қатысады, оның ішінде бірнеше мәрте донор болған. Бұл салада білімді болумен қатар, мыңды жығатын біліктіде болу шарт. Спортпен айналысу ІІО қызметкерлерінің өмірінен ойып тұрып орын алатын нәрсе. «Наурыз мейрамы», «7 мамыр-Отан қорғаушылар күні», «Спорт күні» сияқты мерекелерге арналған Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаментімен ұйымдастырылған облыстық спорттық іс-шаралардың — күрес, қой көтеру, турникке тартылу, қол күрес түрлерінің жеңімпазы, 2023 жыл қорытындысы бойынша үздік қызметкер ретінде «Құрмет тақтасына» еңгізілген. Адал жұмысы мен ұжымның әлеуметтік өмірінде белсенді қатысқаны үшін бірнеше мәрте алғыс жарияланып, мадақтау қағазы, ақшалай сыйақы берілді. Жұмыс атқарылған мерзімінде 10 рет көтермелеуі бар. Әр адамның қиын жағдайында шамасы келгенше көмек көрсетуге дайын. Адамдармен өзара қарым-қатынасты шебер құрайды, сыпайы және әдепті. Қызмет барысында өзінің жеке уақытыменн бөлісуге даяр. Ұжымда беделі жоғары және сыйлы. Дені сау, ұқыпты, нысанды киім кию үлгісін бұзбайды. Мінезі жігерлі, ынталы, өте еңбекқор.
Өз тағдырын Заңға қызмет етумен байланыстырған Нұрбектің қиын, кейде қауіпті жұмысын түсініп, оған қолдау көрсетіп отырған жолдасы Аймара отбасының ұйытқысы. Аймара – жоғары білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған «Батыр ана» орденінің иегері. Отбасы мүшелерін әрқашан барлық жағынан қолдап отыратын көптеген жақсы қасиеттерді бойына біріктірген. Үй шаруасымен айналысады. 2 қызымен асүйде түрлі тағамдар дайындап, жылы атмосфера құрып, отбасына жақсы эмоция сыйлағанды ұнатады.
Көпбалалы Нұрбек жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, барлық бос уақытын отбасымен өткізуге тырысады. Әр балаға зор үміт артады. Сол себепті балаларына уақыт тауып олардың хоббилеріне, оқуларына, спорттық жетістіктеріне қызығушылық танытады. Нұрбек ұлдарымен атқа мініп серуендесе, Аймара қыздарына қазақтың ою өрнектерінің атауын үйретіп, тігілуін көрсетеді. Нұрбек пен Аймара қазақи дәстүрді ұстанатын отбасы, ұлттық салт-дәстүрге көп мән береді. Балаларына азан шақырып ат қою, сүндет той жасау сияқты балалардың әр қадамын туған-туыстарымен, ата-әжелерімен бірге атап өтеді. Балалаларына үлкеннен бата алуды міндетті санайды.
Ата-анасының бір-біріне деген қарым қатынасын, жүріс тұрысын, сөйлеу мәдениетін барлық іс-қимылдарын бойына тәрбие ретінде қалыптастырып өсіп келе жатқан үйдің үлкендері 8 және 6 жаста. Тұңғыш ұлы Асанәлі — мектеп мақтанышы, домбыра құлағында жетік ойнайды, Абай өлеңдері мен Қара сөздерін оқу бойынша сайыстардың жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы «Еркін жүзу» спортының жүлделі орын иегері, әкесінің жолын қуып күрес жолында да көптеген жетістіктерді бағындыруға бел буған, сегіз қырлы, бір сырлы бала. Үлкен қызы Айсана- Абай атамыздың Қара сөздерін жатқа біледі. Инабатты, ибалы, ұқыпты қыз. Балет мектебінің өнер жұлдызы. Бала-бақшада тәрбиеленіп келе жатқан іні-қарындастарына үлгілі балалар, өнегелі отбасы.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөз текке айтылмаған. Күн сайын ертеден кешке дейін отбасында ата-ана, ағайын-туыс тарапынан бала алдында сан алуан мінез құлықтар өтіп жатады. Осының барлығын жас бала бойына сіңіретінін түсінетін Ақыбаевтар отбасы бала тәрбиесіне аса мән береді. Өнегелі отбасы болуға әбден лайық отбасы…..
— «Отбасы біз үшін ең үлкен құндылық. Көп балалы отбасымызбен қуаныш пен қайғыны бірдей бөлісеміз. Өмірде кездесетін әр түрлі қиындықтар болса, біз ҚОЛДАУ, ҚАМҚОРЛЫҚ, ҚҰРМЕТ –осының бәрін сақтауға тырысамыз. Әр күнімізді ерекше, қызықты әрі мағыналы өтуін қалаймыз»- дейді Ақыбаевтар отбасы.
2013 жылы шаңырақ көтеріп, бас қосқан Аймара атты сұлу, қазіргі таңда саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған «Батыр ана» орденінің үміткері. Қазақи дәстүрді ұстанатын Ақыбаевтар отбасы 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде және осы қазан айында отбасының бесінші мүшесі дүниеге келмек. Ата-анасының бір-біріне деген қарым қатынасын, жүріс тұрысын, сөйлеу мәдениетін барлық іс-қимылдарын бойына тәрбие ретінде қалыптастырып өскен тұңғыш ұлы Асанәлі — мектеп мақтанышы, домбыра құлағында жетік ойнайды, Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқу бойынша сайыстардың жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы «Еркін жүзу» спортының 2 орын иегері, әкесінің жолын қуып күрес жолында да көптеген жетістіктерді бағындыруға бел буған, сегіз қырлы, бір сырлы бала. Үлкен қызы Айсана- Абай атамыздың Қара сөздерін жатқа айтатын, инабатты, ибалы, ұқыпты қыз. Балет мектебінің өнер жұлдызы. Бала-бақшада тәрбиеленіп келе жатқан іні-қарындастарына үлгілі балалар, өнегелі отбасы.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөз текке айтылмаған. Күн сайын ертеден кешке дейін отбасында ата-ана, ағайын-туыс тарапынан бала алдында сан алуан мінез құлықтар өтіп жатады. Осының барлығын жас бала бойына сіңіретінін түсінетін Ақыбаевтар отбасы бала тәрбиесіне аса мән береді. Өнегелі отбасына әбден лайық отбасы…..