ҰҒОО СҮЙЕК КЕМІГІН ТРАНСПЛАНТАТТАУ САНЫН ЖЫЛЫНА 180-ҒА ДЕЙІН АРТТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР 

2025 жылдың алғашқы алты айында Ұлттық ғылыми онкология орталығында (ҰҒОО) қан аурулары бар 1,4 мыңға жуық пациент емделді, 60 сүйек кемігін трансплантаттау орындалды. Трансплантаттауға дайындық кезеңінде тағы 45 ересек пациент бар.

➡️Орталықта қан жүйесі аурулары бар пациенттерге: халықаралық стандарттар бойынша болжамдық қауіптерді диагностикалау мен анықтаудан бастап жоғары дозалы және рецидивке қарсы химиотерапия мен гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттауға дейін көмек көрсетудің толық циклі құрылған.

«Орталық жұмысының 15 жылында сүйек кемігін трансплантаттаудың барлық түрлері енгізілді: аутологиялық, аллогендік туыстық, аллогендік туыстық емес және гаплоиденттік. Осы уақыттың ішінде 800-ге жуық трансплантаттау жасалды. 2025 жылы «таза» үй-жайлар блогының төсек санын 15-тен 21-ге дейін (ең төменгі халықаралық деңгей) ұлғайту жоспарлануда, бұл жылына 180 операцияны орындауға мүмкіндік береді», — деді Орталықтың басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас гематологы, қауымдастырылған профессор Вадим Кемайкин баспасөз туры барысында журналистерге.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы — ересек пациенттерге сүйек кемігін трансплантаттауды жүзеге асыратын елдегі жалғыз медициналық ұйым. Қан жүйесінің ісік аурулары бар пациенттердің жоғары өмір сүруіне заманауи химиотерапия хаттамалары, жаңа препараттар және трансплантаттау көрсеткіштерін кеңейту арқылы қол жеткізіледі. 
Орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі өңірлердегі онкогематологиялық пациенттерге әдістемелік және медициналық қолдау көрсетеді. Бұл заманауи тәсілдерді енгізуге, емдеуге мониторинг жүргізуге және оның тиімділігін бағалауға, сондай-ақ өңірлік медициналық мекемелер мен ҰҒОО арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

✍️Трансплантаттау үшін донор іздеу пациенттің отбасында басталады. Үйлесімді туысы болмаған жағдайда мамандар 2011 жылдан бастап Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының базасында жұмыс істейтін Сүйек кемігі донорларының ұлттық тізіліміне жүгінеді. 

Бүгінде базада 13 мың әлеуетті донор бар.
Тіркелімді қолдана отырып, Ресей мен Италиядан келген төрт пациентті қоса алғанда, 19 туыс емес трансплантаттау жасалды. 2024 жылы алғаш рет HLA-типтеу бойынша толық сәйкес келетін Италиядан келген пациент үшін Қазақстаннан келген донор іске қосылды.

🎉18 бен 45 жас аралығындағы және салмағы 50 кг-нан асатын кез-келген сау адам донор бола алады. Аферез әдісімен дің жасушаларын алу процедурасы қауіпсіз, ауыртпалықсыз және денсаулыққа теріс әсер етпейді.

🔘Бүгінде Қазақстанда онкогематологиялық аурулары бар 13 мыңнан астам пациент есепте тұр, жыл сайын 2,5 мыңға жуық жаңа жағдай анықталады. 
Сүйек кемігін трансплантаттау бірқатар ауыр қан ауруларын емдеудің ең тиімді әдісі болып қала береді және елде бұл бағыттың дамуы өмірді сақтаудың кілті болып табылады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталық (ҰТО) «Елді мекендердің...

Большинство казахстанцев заметили улучшения условий жизни за последние три года – исследование НАЦ

Национальный аналитический центр (НАЦ) при Назарбаев Университете представил итоги...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим акимата Наурызбайского района города Алматы даны разъяснения...

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...