Қазақстанда кедейлер саны бір жылда 10%-ға артты

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан халқының 4,9%-ы немесе шамамен 1 миллион адам кедейлік шегінен төмен өмір сүрген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа жоғары. Ал кедейлер саны бір жылда 10%-ға көбейген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табысы нақты күнкөріс минимумынан (64,2 мың теңге) төмен азаматтар 173 мың отбасын құрайды.

Өңірлер арасында кедейлік деңгейі ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 8,5% (182 мың адам). Одан кейін Абай облысы – 7,6% (44,9 мың адам) және Маңғыстау облысы – 7,2% (60 мың адам). Әсіресе Маңғыстау облысында кедейлер саны бір жылда 31,5%-ға өскен.

Ең төмен көрсеткіш Астанада байқалды – 2,7% (44,5 мың адам). Одан кейін Қарағанды облысы – 2,8%, Атырау облысы – 3,5%. Алайда елордада да кедей тұрғындар саны бір жылда 34,8%-ға артқан.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүретіндердің 77,5%-ы бес және одан көп адамнан тұратын көпбалалы отбасыларда тұрады. Бұл шамамен 788 мың адам.

Сондай-ақ елде 25,4 мың адамның айлық табысы азық-түлік қоржынының құнын да жаппайды. Олардың табысы 35,3 мың теңгеден төмен, ал мұндай азаматтардың саны бір жылда 1,5 есеге көбейген.

Испания ӘЧ-дегі жеңістен кейін үш ойыншыны командадан шығарып тастады

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте жаңа...

Тамызда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет болжамынша, тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан көп...

Әскери бөлімнен кетіп қалған сарбазға іздеу жарияланды 

Мерзімді қызметтегі жауынгер бірнеше күн бұрын қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен. Оны әскери полиция мен құқық қорғау органдары іздеп жатыр.

2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады? 

Ведомствоның мәліметінше, өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге және салымшылардың таңдау мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.