Тамызда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет болжамынша, тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан көп болады.

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Метеорологтардың болжамынша, Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау облысының оңтүстік жартысында және Қарағанды облысының оңтүстік-батысында жауын-шашын мөлшері норма шамасында күтіледі.

Ал Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда мен Түркістан облыстарының оңтүстік-батысында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болуы мүмкін.

Ауа температурасы қандай болады?

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, тамызда Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы +21…+29°C аралығында болады.

Еліміздің қиыр оңтүстік-батысында +30…+31°C, ал солтүстік, солтүстік-батыстың жекелеген аудандары мен шығыс өңірлерде +15…+20°C күтіледі.

Тамыздың климаттық ерекшелігі

Синоптиктердің мәліметінше, тамыз – жаз мезгілінің соңғы айы. Бұл кезеңде республика бойынша ауа температурасы шілдемен салыстырғанда біртіндеп төмендей бастайды.

Көпжылдық климаттық деректерге сәйкес:

  • Қазақстанның солтүстігінде орташа айлық ауа температурасы +16…+18°C;
  • оңтүстігінде +25…+27°C болады.

Кейбір жылдары ауа температурасы +36…+44°C-қа дейін, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында +47…+48°C-қа дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар өте салқын жылдары тамыздың екінші және үшінші онкүндігінде солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы +1…+6°C-қа дейін төмендеп, жекелеген аудандарда үсік байқалуы ықтимал.

Қазгидрометтің мәліметінше, тамыз айында бұршақ сирек жауады, найзағай шілдеге қарағанда аз болады. Сондай-ақ жаздың басымен салыстырғанда құрғақшылық пен аңызақ желдің ықтималдығы төмендейді.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...