2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады? 

2027 жылдан бастап Қазақстанда міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік жойылмайды. Өзгеріс тек заңнамада көзделген өтемақы төлемдерінің бірін жүзеге асыру тетігіне қатысты болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген және бұл норма өзгеріссіз қалады.

Министрлік түсіндіргендей, 2027 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктің өзі емес, заңнамада қарастырылған өтемақы төлемдерінің бірін жүзеге асыру механизмі өзгереді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына қатысты мемлекеттік кепілдік толық көлемде сақталады.

Бұл өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына және азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерінің кеңеюіне байланысты енгізіліп отыр.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі алғаш енгізілген кезеңде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды тек мемлекет жүзеге асырып, инвестициялық шешімдерді өзі қабылдап, олардың нәтижесіне толық жауап берді. Осыған байланысты инвестициялық кіріс пен инфляция деңгейі арасындағы айырманы өтеу тетігі қарастырылған болатын, — деп түсіндірді ведомство.

Қазіргі таңда заңнама азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру құқығын береді. Бұған дейін мұндай мүмкіндік жинақтардың тек 50 пайызына дейін ғана қолданылған.

Министрлік бұл өзгеріс салымшылардың зейнетақы активтерін басқару процесіне тікелей қатысуына жол ашатынын атап өтті. Енді азаматтар басқарушы компанияны, инвестициялық стратегияны және өздері үшін қолайлы инвестициялық тәуекел деңгейін дербес таңдай алады. Осыған байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу тетігі де жетілдіріле түседі.

Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының сақталуы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі зейнетақы активтерін олардың сақталуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді табыстылыққа қол жеткізу қағидаттарын басшылыққа ала отырып басқаруды жалғастырады. Ұлттық банктің 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, зейнетақы активтерін басқарудың негізгі мақсаттарының бірі – ұзақ мерзімді кезеңде инфляция деңгейінен жоғары табыстылыққа қол жеткізу, — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға қаржылық тұрақтылыққа, меншікті капиталдың жеткіліктілігіне және кәсіби тәжірибеге қатысты заңнамалық талаптар қойылған. Бұдан бөлек, заңда көзделген жағдайларда ең төменгі кірістілік деңгейіне қол жеткізілмесе, басқарушы компания айырманы өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті.

Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енгізілетін өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуға, азаматтардың таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және нарықтың кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік кепілдіктер толық көлемде сақталады.

Курултай: выбор сделан

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ИЗБРАЛ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. 23 АВГУСТА СТРАНА ГОЛОСОВАЛА ЗА НОВЫЙ ОДНОПАЛАТНЫЙ ПАРЛАМЕНТ, КОТОРЫЙ ПРИШЕЛ НА СМЕНУ ПРЕЖНЕЙ ДВУХПАЛАТНОЙ СИСТЕМЕ. В ВЫБОРАХ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 9,35 МЛН ГРАЖДАН, А ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПЯТИПРОЦЕНТНЫЙ БАРЬЕР ПРЕОДОЛЕЛИ ПЯТЬ ИЗ СЕМИ ПАРТИЙ.

Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстандықтар зейнетақыға 28,35 трлн теңге жинады 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп келеді. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті.

Үш жылда қазақстандықтардың дауыс беруі қалай өзгерді? 

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының алдын ала нәтижелері белгілі болды. Сайлауға қатысқандардың саны 74%-дан асты, ал сайлауға қатысқан жеті партияның бесеуі бес пайыздық межеден өтті.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.