Испания ӘЧ-дегі жеңістен кейін үш ойыншыны командадан шығарып тастады

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте жаңа келісімшартқа қол қояр алдында ұлттық команданың болашағына қатысты маңызды шешім қабылдады. Маман құрамды түбегейлі жасартуды көздеп, үш футболшы жоспарға кірмей тұрғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды  Vesti.kz.

El Nacional мәліметінше, кадрлық өзгерістің «басты құрбандары» сол қапталдағы қорғаушы Алехандро Гримальдо мен шабуылшы Борха Иглесиас болған.Екеуі де бұған дейін Испания құрамасына тұрақты түрде шақырылып келген еді. Бұл жолы Луис де ла Фуэнте жасына байланысты олардың ұлттық командадағы кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Енді бұл позицияларда бапкерлер штабы алдағы халықаралық циклге дайындық аясында тек жас ойыншыларға сенім артуды жоспарлап отыр.

Ал жас вингер Виктор Муньостың жағдайы өзгеше. Бас бапкер оның әлеуетін жоғары бағалайды, алайда қазіргі ойын деңгейіне көңілі толмай тұр.

Енді оның Испания құрамасындағы болашағы «Ливерпульдегі» өнеріне байланысты болмақ. Ұлттық командаға қайта оралу үшін Виктор Муньосқа Англияда ойын тәжірибесін ғана жинау жеткіліксіз. 

Еске салайық, Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны 1:0 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанған еді. 

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...