Қазақстанда әлеуметтік саясат өзгереді: Көмек шынымен мұқтаждарға ғана беріле ме? 

Қазақстанда әлеуметтік қолдау жүйесін реформалау мәселесі күн тәртібіне шықты. Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, еліміз әлеуметтік қорғау деңгейі бойынша көптеген мемлекеттен алда болғанымен, ендігі міндет – төлем көлемін ұлғайту емес, көмектің әділ бөлінуін қамтамасыз ету.

Сарапшының сөзінше, Қазақстан әлеуметтік қолдау жүйесі бойынша ЕАЭО елдерімен қатар бірқатар еуропалық және азиялық мемлекеттерден озық көрсеткіштерге ие.

Ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарға тұрақты өтемақы төлейтін арнайы бағдарлама тек Қазақстанда жұмыс істейді. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет толық кепілдік береді. Мүгедектікке байланысты төленетін жәрдемақылардың ең төменгі мөлшері де Орталық Азиядағы көптеген елмен салыстырғанда жоғары. Балалы отбасыларды қолдау тетіктері де өңірдегі ең ауқымды жүйелердің бірі саналады. Ал әлеуметтік қолдауға бөлінетін мемлекеттік шығын көлемі бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр,-дейді ол.

Айбар Олжайдың пікірінше, қазіргі таңда әлеуметтік саясаттың басты міндеті – төлемдерді көбейту емес, оларды нақты мұқтаж азаматтарға жеткізу.

Президент әлеуметтік саясаттың ендігі міндеті төлем көлемін арттыру емес, оның әділдігін қамтамасыз ету қажет екенін үнемі айтып келеді. Қазір елімізде шамамен 4,5 миллион адам әлеуметтік көмек алады. Бұл – әрбір бесінші азамат деген сөз. Бұл өте үлкен көрсеткіш, – дейді сарапшы.

Осыған байланысты келесі жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсету жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр.

Экономистің айтуынша, мемлекет қолдауы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс. Себебі бүгінде табысын әдейі төмен көрсетіп, әлеуметтік төлем алуға тырысатын жағдайлар кездеседі. Болашақта азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде тек ресми табыс емес, олардың нақты тұрмыс деңгейі мен шығыстары да ескерілуі мүмкін.

Айбар Олжай мұндай өзгерістер әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп есептейді.

Әлеуметтік саясат масылдықты емес, еңбекке ынталандыруы керек, – деді ол.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.

Президент кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады 

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Дрондар жол ережесін бұзғандарды анықтайды: Қазақстан жолдарында бақылау күшейтілді 

Полиция жолдағы тәртіпті дрондар, мобильді кешендер және орташа жылдамдықты анықтау жүйелері арқылы бақылайды.

Қазақстан экономикасы жеті айда 4,1%-ға өсті 

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр.

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 

Синоптиктердің айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура сияқты факторлар әсер етеді.