Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштер алдына жаңа міндеттер қойды

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығы алдында тұрған басым бағыттар мен міндеттерді атап өтті.

Қорғаныс министрлігі басшылығының назары басқару органдары мен әскер құрылымдарын жетілдіру шараларын жүзеге асыруға, резервтегі әскери қызмет институтын дамытуға, арнайы операциялар күштері мен аумақтық қорғанысты нығайтуға, сондай-ақ Қарулы Күштерді цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануға аударылды.

«Әскери қызмет өткеру үшін тартымды жағдай жасау талаптылық пен әскери қызметшілердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге деген ынтасын арттырумен қатар жүруі тиіс», – делінген жарияланымда.

Президент сондай-ақ әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі барлық деңгейдегі қолбасшылық жұмысының басты басымдығы болуы тиіс екенін еске салды.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Президенті Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі қызметінен босатты. 

ОТ ОТКАЗА ДО ТРАГЕДИИ – ОДИН ШАГ

МОЖНО ЛИ БЫЛО ПРЕДОТВРАТИТЬ ТРАГЕДИЮ? ИМЕННО ЭТОТ ВОПРОС НЕВОЛЬНО ВОЗНИКАЕТ ПРИ ИЗУЧЕНИИ МАТЕРИАЛОВ УГОЛОВНОГО ДЕЛА ОБ УБИЙСТВЕ НУРАЙ СЕРИКБАЙ. СЛЕДСТВИЕ СЧИТАЕТ, ЧТО ПРЕСТУПЛЕНИЮ ПРЕДШЕСТВОВАЛИ ПОХИЩЕНИЕ, ПРИНУЖДЕНИЕ К ВСТУПЛЕНИЮ В БРАК, МЕСЯЦЫ ПРЕСЛЕДОВАНИЯ И ДЕСЯТКИ БЕЗУСПЕШНЫХ ОБРАЩЕНИЙ ЗА ПОМОЩЬЮ. ТЕПЕРЬ ПРАВОВУЮ ОЦЕНКУ ЭТИМ СОБЫТИЯМ ДАЕТ СУД. В Специализированном межрайонном...

Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы...

1 тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Тамызда қазақстандықтарды Құрылтай сайлауы, білім гранттарының нәтижесі, жаңа ипотека...

Испания ӘЧ-дегі жеңістен кейін үш ойыншыны командадан шығарып тастады

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте жаңа...

Тамызда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет болжамынша, тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан көп...