Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы +44 градусқа дейін көтерілсе, кей өңірде нөсер жаңбыр, бұршақ пен қатты жел күтіледі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы қайтадан жоғарылап, бірқатар өңірде аптап ыстық орнайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалынан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Синоптиктердің мәліметінше, батыс өңірлерді қоспағанда, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Күндіз:

  • республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін;
  • оңтүстік жартысында +33…+44 градусқа дейін көтеріледі.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта жүрмеуге, мол су ішуге, бас киім киюге және күн сәулесінен сақтануға кеңес береді. Сонымен қатар қатты жел мен найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райы болжамын қадағалап отыру қажет.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болады.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.