12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатыр?

Елімізде қайтарылған активтер есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден аса әлеуметтік нысан салынып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі. 406 жобаның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысан, денсаулық сақтау саласындағы 162 жоба, сумен жабдықтау саласындағы 159 жоба іске асырылып жатыр:

  • Астанада ескі стадионның орнына Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион салынып жатыр.
  • Алматыда қайтарылған қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйесін салу бойынша 9 жоба жүзеге асырылып жатыр.
  • Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешенінің тәрбиеленушілері үшін қайтарылған қаражатқа 300 орындық жатақхана салынады.
  • Шығыс Қазақстан облысында Гематология орталығының құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді.
  • Солтүстік Қазақстан облысында өңірді сумен жабдықтауға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр.
  • Қарағанды облысында 7 ауданда 51 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр.
  • Ақмола облысында денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және спорт саласында 38 жоба жүзеге асырылып жатыр. 
  • Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа білім беру және денсаулық сақтау нысандары салынады. Өңірде 12 жоба жүзеге асырылып жатыр.
  • Қордан Абай облысында 24 әлеуметтік маңызы бар нысанды жүзеге асыруға қаржы бөлінді.
  • Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру және сумен жабдықтау салаларында бір нысаннан салынады.
  • Жетісу облысында білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
  • Алматы облысында жаңа спорт нысандары, сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелер салынады.
  • Жамбыл облысында қайтарылған қаражатқа 19 жоба салынады.
  • Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 25 жобаны тапсыру жоспарланып отыр.
  • Маңғыстау облысында қайтарылған активтерге 1 денсаулық сақтау нысаны салынады.
  • Қостанай облысында сумен жабдықтау желілері түбегейлі жаңартылады. Сондай-ақ, өңірде денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу жоспарланып отыр.
  • Түркістан облысында қайтарылған активтерге бір білім беру нысанын салу, сондай-ақ, өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша 35 жобаны іске асыру жоспарланған.
  • Павлодар және Қызылорда облыстарында сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелердің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
  • Ұлытау облысында жаңа білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау нысандары салынады.

Ұлттық құндылықтар ұлықталған күн

Алматы облысы, Кеген ауданында дәстүрлі «Қымызмұрындық-2025» мәдени шарасы мен «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесі өтті. Онға жуық елден 10 мыңнан астам халық қатысқан бұл шара ұлттық салт-дәстүріміз ұлықталып,   мәдениетіміз бен өнеріміз паш етілген мерекелік күн болды.

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 78 доллардан асты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Ұлттық статистика: халық шығынының басым бөлігі ет пен сүтке кетеді

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде бір адам 3 айда орта есеппен 158 648 теңге жұмсайды. Шығынның басым бөлігі ет пен нанға, сүт пен күріш, қарақұмыққа кетеді.