Ұлттық статистика: халық шығынының басым бөлігі ет пен сүтке кетеді

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде бір адам 3 айда орта есеппен 158 648 теңге жұмсайды. Шығынның басым бөлігі ет пен нанға, сүт пен күріш, қарақұмыққа кетеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Информбюроға» сілтеме жасап. 

Қазақстандықтардың үш айдағы жалпы қалта шығыны орта есеппен 312 мың теңгеден асқан. Оның тең жартысы азық-түлікке жұмсалады. Ұлттық статистика бюросының есебінше, бүгінде етке кемінде 48 мың, нан мен жарма өнімдеріне 22 мың, сүтке 15 мың 522 теңге кетеді. Табыстың басым бөлігі асқа кеткен соң, халық жиһаз, киім сынды басқа заттарға шығындалуды азайтқан.

«Картоп өнімдері бүгінде жалпы 123,4 мың тонна жиналды. Сонымен қатар, орамжапырақ 254,9 мың тоннаға, сәбіз 31,4 мың және пияз 12 мың тоннасы жиналып, ішкі нарыққа іске асырылып жатыр», — деді АШМ Егіншілік департаментінің басқарма басшысы Ерсайын Досымбетов. 

Жыл басында картоп қымбаттағаны есте болар. Үкімет оған өнім тапшылығын себеп қылды. Содан ішкі нарықтағы инфляцияны ырыққа көндіру үшін экспортқа тұсау салынды.

«Тыйым салу арқылы өзіміздің ішкі нарықтағы қант, ұн сияқты тауарлардың нарығын қалыптастыра аламыз. Бірақ мұның макроэкономикалық зияндары бар. Бірінші кезекте сол өнімді өндіруші ауыл шаруашылығы өкілдерінің табасын төмендетуге әкеледі», — деді экономист Бауыржан Ысқақов. 

Экономика министрі Серік Жұманғарин бүгінде нарықта тұрақтылық орнады деп санайды.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...