Құрбан айт мерекесі 2025: демалыс күндері қалай белгіленді?

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі — Құрбан айт атап өтіледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым — демалыс күндері.
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 6 маусым — демалыс, 7 маусым — жұмыс күні, 8 маусым — демалыс.

Құрбан айт қандай мереке?

Құрбан айт — мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл кезде әрбір мұсылман мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды.

Айта кетейік, жалпы маусымда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін он күн демалыс бар, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.

Қазақстанда ауқымды жел станциясы салынбақ 

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит – RES 2026 кулуарында Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан экология, су ресурстары және энергетика саласына қатысты пікір білдірді.

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар балалардың аналарын қолдауға бағытталған жаңа тәсілді таныстырды.

АЭС салынатын жаңа өңір аталды

Қазақстанда атом электр станциясын салуға Қостанай облысы қарастырылып жатыр.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын өздері басқара алады: Жаңа мүмкіндік қалай жұмыс істейді? 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Tansar Capital» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы келісім жасасты. Компания салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға болатын инвестициялық портфельді басқарушылар қатарына қосылды.

Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.