Қазақстанда ауқымды жел станциясы салынбақ 

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит – RES 2026 кулуарында Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан экология, су ресурстары және энергетика саласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, экология мәселесі тек энергетикамен шектелмейді.

Экология деген тек қана энергетика ғана емес қой. Ол жалпы қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын қайта қарау, қайта бөлу, үнемді пайдалану деген бағыттарды қамтиды. Осыған байланысты бүгін саммитте сессиялар, іс-шаралар қарастырылған, – деді сарапшы.

Сондай-ақ ол Орталық Азия елдерімен трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселесі тұрақты талқыланып келе жатқанын айтты.

Бұл бағытта арнайы платформалар бар. Соның ішінде Аралды қорғауға бағытталған халықаралық қор аясында да суды дұрыс және үнемді пайдалану бойынша келіссөздер жүргізіледі, – деді департамент директоры.

Ол өз сөзінде Қарағанды облысында салынатын жел электр станциясы жобасы жайлы айтты.

500 мегаватт жел электр станциясы Қарағанды облысында салынады. Алдағы уақытта, 2029 жылға дейін, Қытай Халық Республикасы тарапынан инвестиция тартылып, нысан толықтай салынып, бізге пайдалануға беріледі, – деді спикер.

Бұдан бөлек, Павлодар облысында 1 гигаватт жел электр станциясын салу көзделген. Бұл – халықаралық келісімдер аясындағы жоба.

Алайда, нақты қанша тұтынушыны электр энергиясымен қамтуға болатынын есептеу күрделі екенін атап өтті.

Оны нақты абонент санына бөліп айту қиын. Әр өңірдің, әр тұтынушының тұтыну деңгейі әртүрлі. Оның үстіне жел электр станциясының өндірісі желдің күшіне байланысты: жел аз болса – өндіріс аз, көп болса – көп, – деді ол.

Су-энергетикалық тепе-теңдік мәселесіне тоқталған спикер өңірдегі қалыптасқан жүйені түсіндірді.

Біз трансшекаралық суларға мұқтажбыз. Орталық Азияда бұл мәселе әрқашан өзекті. Бізде “электр энергиясын береміз – олар су береді” деген өзара алмасу тетігі бар. Бұл – жыл бойы жүретін процесс, – деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан бірлесіп ірі жоба – Қамбар-Ата су электр станциясын салуды жоспарлап отыр.

Бұл жоба халықаралық ұйымдардың қатысуымен жүзеге асады. Азия даму банкі, Еуропалық даму банкі, Дүниежүзілік банк сияқты қаржы институттары қарастырылып жатыр. Бұл станция суды қыс мезгілінде жинап, жазда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, – деді спикер.

Жаңартылатын энергия көздерінің үлесіне тоқталған ол нақты көрсеткіштерді келтірді.

Былтырдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жасыл энергетиканың үлесі шамамен 7,7%-ға жетті. Ал 2030 жылға қарай біз 15%-ға жетуіміз керек. Соған бағытталған жобалар бар, соның бірі – осы 500 мегаватттық жел станциясы, – деді ол.

Энергетикалық тәуелсіздікке қатысты сұраққа жауап бере отырып, спикер Қазақстанның жалпы өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін атап өтті.

Қазақстан электр энергиясымен негізінен өзін толық қамтамасыз етеді. Тек кешкі уақытта ғана импорт болады. Жылдық есеппен шамамен 3-4% ғана сырттан аламыз, – деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті басталды.

Іс-шараға мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен бизнес қауымдастық қатысуда. Күн тәртібінде климаттың өзгеруі, су қауіпсіздігі, биоалуантүрлілікті сақтау және «жасыл» экономикаға көшу мәселелері бар.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...