АЭС салынатын жаңа өңір аталды

Қазақстанда атом электр станциясын салуға Қостанай облысы қарастырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мұны Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдегі энергия тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кемінде үш, ал болашақта төрт атом электр станциясын салу жоспарланған.

Сәтқалиев бірқатар әлеуетті алаңдар зерттелгенін айтты. Олар болжамды энергия балансы, экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздік талаптары негізінде таңдалған.

“Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қолайлы бірнеше бірегей алаң бар. Біріншіден, Балқаш маңы. Мұнда алтыға дейін ірі энергоблок салуға мүмкіндік бар. Екіншіден, Курчатов қаласы. Бұл өңірдің шағын және орта қуатты реакторлар үшін әлеуеті жоғары. Сонымен қатар Батыс Қазақстанда энергетикалық қондырғыларды біріктірілген режимде пайдалану тәжірибесі бар”, – деді ол.

Сонымен қатар агенттік басшысы тағы бір өңірге ерекше тоқталды.

“Энергетикалық теңгерімге сүйенсек, Қостанай өңірі де алдағы 20–30 жылда атом элект станциясын салуға перспективалы орынға айналуы мүмкін”, – деді Сәтқалиев.

Осылайша, Қостанай облысы ұзақ мерзімді перспективада Атом электр станциясын салуға ықтимал өңірлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынатынын айтқан болатын. «Росатом» Үлкен ауылында алғашқы АЭС-тің алдын ала жұмыстарын бастағаны туралы хабарлаған едік. Қазақстан үкіметі екінші атом электр станциясын Алматы облысының Жамбыл ауданына салатын болды.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...