Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрына Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек ері, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасуға халық өте көп жиналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаралы жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың көңіл айту хатын депутат Жанарбек Әшімжан жеткізді.

Қоштасуға келгендер қатарында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және зиялы қауым өкілдері бар. Қоштасу жиынын Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді.

Азулы ақынмен қоштасуға келгендердің арасында Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас та бар.

Мұхтар Шаханов Арыстан баб кесенесінің маңындағы Қоғам ауылдық зиратына жерленетін болды. Бұл ақпаратты ақынның немересі Қайырхан Балғабеков растады.

Фото: aqshamnews.kz

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...