2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайтын «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» № 131-VI ҚР Заңын қабылдады. Қордан жәбірленушілерге өтемақы біржолғы қаржылық төлем түрінде жүзеге асырылады
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңын орындау мақсатында Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде.
2023 жылдың басынан бастап СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. ПҚБ есебінде сот үкіміне сәйкес жәбірленушілердің өтемақы қорына жалпы сомасы 2 457 080 теңгеге мәжбүрлеп төлемі бар 50 сотталушы есеп бойынша өтті.
Ағымдағы жылдың басынан бері жәбірленушілердің өтемақы қорына жалпы сомасы 315 775 теңгеге 6 сотталған мәжбүрлі төлемді толық өтеді, жалпы сомасы 140 600 теңгеге 12 сотталған ішінара төледі.
Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері мәжбүрлі төлемді өтемейтін сотталғандармен келесі профилактикалық жұмыс жүргізеді: жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бос орындармен таныстырады, сондай-ақ ҚР ҚК 430-бабының «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін немесе атқарушылық құжатты орындамау» талаптары түсіндіріліп, қоғамдық жұмыстарға тартудан бастап 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.
Орындаушы:
Петропавл қ. ПҚБ аға инспекторы
әділет капитаны
М.С.Суюндуков