Аштықтан аман қалған отбасы

Кәсіпкер, BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ата-бабаларының тағдыры туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Айдын Рахымбаевтың айтуынша, оның үлкен нағашы әжесі ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жылдарында отбасы мүшелерінің арасынан аман қалған жалғыз жан болған.

— Ашаршылықта әжем ғана тірі қалған, – деді ол.

Кәсіпкердің сөзінше, 1928 жылы олардың отбасы кәмпескеге ұшыраған. Сол уақытта басталған алғашқы тәркілеу толқынында оның үлкен нағашы әжесінің әкесі және екі бауыры «тізімге» іліккен. Ортаншы ағасының бүкіл малы тәркіленсе, кенжесі отбасымен бірге шекара асып, қашуға мәжбүр болған. Айдын Рахымбаевтың арғы атасы, ағайындылардың үлкені, билікке қарсылық білдіргені үшін тұтқындалып, Зыряновск шахталарына жер аударылған. Ол жақтан оралмаған.

— Ауылда қалған туыстардың басым бөлігі аштықтан қырылды. Тек үлкен нағашы әжем ғана аман қалып, біздің әулеттің ұрпағы жалғасты, – деп атап өтті Рахымбаев.

Айдын Рахымбаев тарихи мәліметтерге сүйене отырып, ашаршылық жылдары қазақ халқының 40-50 пайызы – 1,5-2,5 миллионға жуық адам қырылғанын еске салады. Оның айтуынша, сол нәубет жылдары тұтас ауылдар мен рулар жойылып, көптеген қазақ отбасылары ұрпақсыз қалған.

Кәсіпкер осы оқиғаға байланысты былай деді:

— Бұл жоғалған миллиондар – тек сандар емес, олар – дүниеге келмеген ғалымдар, ұстаздар, дәрігерлер, әкелер мен аналар. Бұл – халқымыздың айырылып қалған балама болашағы, – деді Айдын Рахымбаев.

Ол 31 мамыр қарсаңында #31mamyr хештегімен көпшілік әлеуметтік желілерде өз отбасы тарихымен бөлісіп жатқанын атап өтті.

— Сіздер де өз әулетіңіздің тарихымен – естеліктер мен фотосуреттер арқылы бөлісе аласыздар. Бірақ агрессиядан бас тартып, бұл күнді өткенге тағзым, ата-бабаларымыздың рухына құрмет көрсету күні ретінде өткізген жөн. Бұл – балаларымызға шежіремізді аманаттап тапсыратын күн, – деді кәсіпкер.

Айдын Рахымбаев еске алу күні өткен оқиғаларды құрметпен еске алып, өткен тарихты ұмытпау – әр ұрпақтың парызы екенін атап өтті.

Почему Казахстану необходима реформа системы обязательного автострахования

Ежегодно в Казахстане происходят десятки тысяч дорожно-транспортных происшествий. Однако...

Тарихты тану жеткіліксіз…

Ол кезде 8-сыныптың оқушысы едім. Ұстаздарымыз бір топ оқушыны...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігіне бағытталған маңызды қадам

Соңғы жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту бағытында бірқатар маңызды...

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...