12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Адамзатты кемелдікке білім ғана жетелейді

Қазақстанда білім беру саласында сан түрлі реформалар жүргізілді. Жетістіктеріміз де жетерлік. Ел дамуы – білім сапасына тығыз байланысты. Ол мемлекет қажеттілігіне қарай үйлестірілуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында:

Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек, – деген еді

Президент ең алдымен сапалы білімді қолжетімді етуді қолға алу қажеттігін атап кетті. Шынында да, қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгерген білікті мамандар екені сөзсіз. Бұл бағытта елімізде білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға барынша қолдау көрсетіп, әлеуетін пайдалану көздерін қарастыру керек.Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің оқытушылар құрамы сапалы білім беру мақсатында тер төгіп,үздік шәкірт тәрбиелеу жолында  қызмет жасауда. Дарынды тұлғаны қалып­тас­тырушы – ұлағатты ұстаз, ең алдымен білім нәрімен сусындататын мұғалім. Бүгінгі мұғалімнің өз саласында қажымас еңбек етіп, сапалы білім беруі, оның әлеуметтік жағдайының деңгейімен де тікелей байланысты екені рас. Сапалы білім беру – бә­се­кеге қабілетті, өркениетті ел болудың ке­пілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің бар­­лығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөз­­сіз. Сауатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлт­­тың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз.

Білім – аса құнды капитал. Сондықтан білімге инвестиция салу өзіңді шыңдап қана қоймай, елге, Отанға қызмет ететін маңызды қадам екенін естен шығар­мау керек. Ең білімді мамандары бар мемлекетте өмір сүрудің барлық жағдайы тұрақты әрі сапалы болады. Ол сіз бен біздің денсаулығымызды, өмірімізді ұзар­татын бірден-бір фактор. Сондықтан Пре­зидент Жолдауындағы сапалы білім беру қағидаты әр уақытта жауапкершілігі мол міндет. Білім капиталы мықты елдің қай саласында да ілгерілеу болатыны анық. Сон­дықтан білім капиталын арттырып, ғылымға терең мән бергеніміз абзал. Өйт­кені ғылым – ұлт дамуының негізгі көрсеткіші.

Рахметов Е.Ш

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының заң ғылымдарының докторы

Ибрахимзаде Лала Илгар

Әзербайжан,Баку мемлекеттік университеті

400 жаңа фильм қазақша жарық көреді

Қазақ тіліндегі сапалы медиаконтентке деген сұраныс күн санап артып...

Аштықтан аман қалған отбасы

Кәсіпкер, BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев...

Наши руки не для скуки

В соответствии с поручением Главы государства по созданию сотен...

Верой и правдой

В парке Победы г. Семей состоялась торжественная церемония принятия...