12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұйықтар алдында тамақтанудың артық салмақ қосуға әсер етпейтіні рас па?

Тамақтану уақыты денені қалпында сақтауға немесе артық салмақ қосуға әсер етпейді. Бұл туралы терапевт-дәрігер, диетолог Филипп Кузьменко айтты деп хабарлайды Sputnik радиосы. 

«Сіз күні бойы тамақтанбай, жатар алдында 2 мың калория жеп қоюыңыз мүмкін. Егер сізге осыдан кейін жақсы болса, ұйықтауға жатып, тыныш ұйықтап, таңертеңгісін сергек оянатын болсаңыз, демек бұл сіздің денсаулығыңызбен байланысты. Егер сізге бүкіл күнді тойымдылық сезімімен өткізу ыңғайлы болса, онда өз калорияңызды күні бойы біркелкі бөлуге болады», — дейді дәрігер.

Кузьминконың сөзінше, адам өзінің тәуліктік нормасын білгісі келсе, маманмен кеңесуі керек. Ал тамақтану режимін жеке тәжірибеге сүйене отырып жасаған жөн. Мәселен, егер адам қарны тоқ кезде нашар ұйықтаса, онда оның аш ұйықтағаны жөн. Егер керісінше болса, ұйықтар алдында йогурт немесе сүзбе жеуге болады.

«Мұның бәрі жеке дара қарастырылатыны соншалықты, қандай да бір нақты сандар адамды шатастыруы мүмкін. Адам тек өзіне сай келетін тамақтану режимін жеке дара таңдауы керек», — дейді Кузьменко.

Еске сала кетсек, диетолог Елена Соломатина мидың жұмысын жақсартуға көмек беретін өнімдерді атаған еді. Оның сөзінше, тамақтың құрамында холиннің жеткілікті мөлшері болуы маңызды. Маман жұмыртқаның сарысында, қой еті, сонымен қатар сұлы мен түрлі-түсті қырыққабатта аталған дәрумен болады деп отыр. Одан бөлек, В12 дәрумені мен темірге бай өнімдерді де жиі тұтыну керек.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...